A+ A A-

Алексей Полтораниннің Олимпиада алтынын алуға мүмкіндігі артты

  • Бейсенбі, 22 Ақпан 2018 17:35
Алексей Полтораниннің Олимпиада алтынын алуға мүмкіндігі артты kaz.vesti.kz

Өйткені 50 шақырымдық масс-старттағы оның басты қарсыласы Йоханнес Клебо жарыс жолына шықпайтын мәлімдеді.

Норвегиялық спортшы өз шешімін ешқандай мотивация жоқтығымен түсіндірді. Өйткені ол бұған дейін спринтте, эстафетада және командалық сайыста топ жарып, 3 дүркін Олимпиада чемпионы атанып үлгерді. Енді қалған күшін үнемдеп, әлем кубогының келесі кезеңдеріне дайындалатынын айтты Клебо.

Ал ерлер арасындағы 50 шақырымдық дода 24 ақпанда өтеді және көптеген спорт сарапшылары бұл жарыста негізгі фаворит қазақстандық Алексей Полторанин деп санайды.

Айта кетейік, отандық спортшылардың қатысуымен өтетін жарыстарды «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетуде. Спорттық бәсекелердің жалпы кестесімен «Хабар 24» және «Хабар» арнасының сайттары арқылы таныса аласыздар.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз