A+ A A-

Пхёнчхан 2018: күн қорытындысы

  • Бейсенбі, 22 Ақпан 2018 20:58
Пхёнчхан 2018: күн қорытындысы sports.kz

Пхенчхан төрінде Қысқы ойындардың кезекті жарыс күні енді қыза түсті.

Бүгін ең алғашқы медальдар жиынтығы тау шаңғысы бойынша сарапқа салынған болатын. Бұл жарысқа барлығы 108 спортшы қатысты. Олардың қатарында қазақстандық Игорь Закурдаев та болды. Ол 80-ші нөмірмен жарысқа араласып, төмен нәтиже көрсетті. Тіпті жерлесіміз мәре сызығына жете алмай, уақытынан бұрын бәсекені аяқтады.

Ал шорт-трек бойынша жарысынан ерлер арасында 500 м қашықтықта ширек финалға Қазақстан сапынан 3 шорт-трекші қатысып, оның біреуі жартылай финалға шықты. Денис Никиша (40,806) мен Нұрберген Жұмағазиев  500 м қашықтағы сайыстарын ширек финалмен аяқтады. Ширек финалда 4-ші топта сынға түскен отандасымыз Абзал Әжғалиев төрешілер шешімімен жартылай финалда бағын сынауға мүмкіндік алды. Бірақ өкінішке қарай, қазақстандық шорт-трекші Абзал Әжғалиев финалға шыға алмай, жүлдесіз қалды.

Бұл күні сондай-ақ қазақстандық биатлоншылар да жүлделі орынға жақындай алмады.

XXIII Қысқы Олимпиада ойындарының аяқталуына 3 күн қалды. Медальдар саны бойынша Қазақстан құрамасы Латвия мен Лихтенштейн елдерімен бірге 27-орында келеді. Тізімнің басында барлығы 33 медальмен Норвегия, екінші орында Германия тұрса, 9 алтын, 5 күміс және 7 қоламен Канада үздік үштікті түйіндеп тұр. Айта кетейік, отандық спортшылардың қатысуымен өтетін жарыстарды «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетуде. Спорттық бәсекелердің жалпы кестесімен «Хабар 24» және «Хабар» арнасының сайттары арқылы таныса аласыздар.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз