A+ A A-

Биатлоннан Қазақстан құрамасы 14-орын алды

  • Бейсенбі, 22 Ақпан 2018 19:03

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасында биатлоннан эстафета  өз мәресіне жетті. 


Қазақстандық биатлоншылар эстафетаны 1:14:18.0 уақытта аяқтап, 18 ел ішінде ХХІІІ қысқы Олимпиаданы 14-орынмен аяқтады. Жарыс жолына Қазақстан құрамасынан Галина Вишневская, Дарья Климина, Алина Раикова және Ольга Полторанина шықты. 

Биатлоннан эстафета бойынша Белорусия Олимпиада Чемпионы атанса, Швеция екінші, Франция үшінші орынға жайғасты.