A+ A A-

Динара Алимбекова: Қазақстанда туылдым, болды

  • Бейсенбі, 22 Ақпан 2018 23:11

Бүгін Пхенчханда биатлонның  эстафетасы бойынша  мықты командалар анықталды.


Ең үздік көрсеткішпен жарысты бірінші болып аяқтаған Белорусь құрамасы Олимпиада Чемпионы атанды. Пхенчхан Олимпиадасының Чемпионы атанған команда сапында Алимбекова Динара есімді этникалық қазақ қызы барын айтқан едік.

Жарыс аяқталғаннан кейін "Хабар" тілшілері Динараның Қазақстан туралы пікірін сұрады.

"Мен осыған әріптестеріңізге айтқанымдай, 3 жасымда отбасымызбен бірге Белоруссияға көшіп келдім. Биатлонмен Белоруссияда таныстым, Белоруссияда биатлонмен айналысамын. Сондықтан Белоруссия атынан жарыстарға шығуым заңдылық", - дейді белоруссиялық биатлоншы Динара.

"Қазақстанға қандай қатысың бар?" деп сұраған журналистер сауалына Динара "Қазақстанда туылдым. Болды", - деп қысқа жауап қайырды.

Естеріңізге сала кетсек, Пхенчханда ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары өтіп жатыр. 25 ақпанға дейін жалғасатын байрақты бәсекені "Хабар" арнасы тікелей эфирде көрсетуде.