A+ A A-

Элизабет Тұрсынбаева негізгі бағдарламасында көш бастады

  • Жұма, 23 Ақпан 2018 08:13

Оңтүстік Кореяда Пхенчхан Олимпиадасының кезекті жарыс күні басталды.


Бүгін мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында негізгі бағдарламалар өтіп жатыр. Бұл сынға қысқа бағдарламадан 15-орынмен өткен Элизабет Тұрсынбаева қатысты.

Өз кезегінде айдынға 7-нөмермен шыққан отандасымыз еркін бағдарламасында 118,30 ұпай иеленіп, екі бағдарлама қорытындысы бойынша 177, 12 ұпайымен көш басына шықты.