A+ A A-

23 ақпанда өнер көрсететін қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі

  • Жұма, 23 Ақпан 2018 08:24
Қысқы Олимпиада ойындары санаулы күндерден кейін шымылдығын жабады.
Сондықтан Пхёнчхан төрінде сарапқа салынып жатқан әр жүлде алтынмен пара-пар. Таңғы шық еліне көк туымызды асқақтата барған жерлестеріміз бүгін коньки жарысы мен биатлон эстафетасынан сайысқа түседі. Ал жарақатынан толық айыға қоймаса да, алғашқы Ақ Олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан өнер көрсетіп жатқан қарлығашымыз Элизабет Тұрсынбаеваға артылып отырған үміт зор. Алайда мұз айдынында шыр айналған оның қарсыластары да осал болмай тұр. 
Айта кетейік, осыдан 2 күн бұрын 18 жастағы спортшы өзінің қысқа бағдарламасын сәтті орындап, 15-ші нәтиже көрсеткен болатын. Отандық спортшылардың қатысуымен өтетін өзге де жарыстарды «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді. 
 
Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз