A+ A A-

Қысқы Олимпиада ойындарының аяқталуына 3 күн қалды

  • Жұма, 23 Ақпан 2018 10:57

Қысқы Олимпиада ойындарының аяқталуына 3 күн қалды.

Пхёнчхан төрінде бүгін тағы кезекті медальдар жиынтығы сарапқа салынып жатыр. Оның ішінде қазақстандық спортшылар шорт-трек және биатлонда ел намысын қорғады. Әйелдер арасындағы эстафетада 4 бірдей жерлесіміз бақ сынады. 

Амангелді Сейтхан, тілші: 

–Шорт-трекшілер бүгін Олимпиада ойындарының шымылдығын жабады. Біздің үмітіміз басым еді. Әсіресе, 500 метрлікте. 3 бірдей ұланымыз жарысқа тіркелген. Барынша өнер көрсетті де. Алдымен Денис Никиша жарысқа қосылған. Оның қатарында Қытайдың айтулы спортшысы Рендживи болды. Сол Рен Олимпиада рекордына түзету енгізіп барып, жартылай финалға ілінді. Өкінішке орай, Никиша одан қалып қойды. Одан ғана емес, өзгелерден де. Ширек финалда жарысты аяқтауына тура келді. Содан кейін Нұрберген Жұмағазиев жарысқа шықты. Оның да айналасында кілең мықтылар. Бірақ Нұрберген барынша ортадан ойқастап шықты да сүрінді. Содан кейін  500 метрліктегі жартылай финал. Бірінші болып біздің Абзал тұрды. Әрі қарай іркес-тіркес дегендей. Міне осы жерде тағы бір қызық оқиға орын алды. Қытай атынан сынға түскен У Да Жың бірден алға шықты. Соңынан Абзал салды. Екеуі 2-3 айналым қалған кезде, төрешілер күрт шешім қабылдады. Сөйтсек, жарыс басында Самуел Джерард секілді Канаданың спортшысы конькиін опырып алған екен. Жартылай финал қайтадан өткізілді. Мәреге таяп қалған У Жаң да, біздің Абзал да кері қайтуға мәжбүр болды. Келесі жарыста өкіншіке орай, Абзал қалып қойды. Ал Самуел финалға жолдама алды. 

Авторлары: Аманкелді Сейтхан, Ольга Лян

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз