A+ A A-

Биатлоншы қыздар Қысқы Олимпиаданы аяқтады

  • Бейсенбі, 22 Ақпан 2018 19:47

Тау шаңғысының кезекті слалом бәсекесінен жерлесіміз Игорь Закурдаев алғашқы сында мәреге жете алмады.

Осылайша ол өкінішке қарай, жарыс жолынан шығып қалған 50-ден астам шаңғышының қатарынан көрінді.

Пхенчханда биатлоншы қыздар Қысқы Олимпиаданың соңғы медальдарын сарапқа салды. Эстафеталық сайысқа қазақстандықтар да шықты. Командалардың қатарын толтырған биатлоншылар жүлделі орынға жақындай алмады. Галина Вишневская, Дарья Климина, Алина Райкова мен Ольга Полторанина әлемдік үздік 18 құрамамен сайысты. Алдымен жарысқа Галина Вишневская шықты. Алғашқы нысана көздеуде қателік жіберген жоқ. Бірақ екінші ату кезінде үш оғы қиыс кетті. Дарья Климинаның да атқан оғының жартысы далаға кетті. Алина Райкова мен Ольга Полторанина да шапшаңдық танытпады. Беларусь қыздары Пхенчхан ойындарының жеңімпазы атанды. Қазақстан құрамасы эстафетаны 14-ші орынмен аяқтады.

 
Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз