A+ A A-

Қысқы Олимпиаданың жабылу салтанатында жасанды жұлдыздар қолданылады

  • Бейсенбі, 22 Ақпан 2018 20:11

Оңтүстік Кореядағы Қысқы Олимпиада ойындары спорттық жетістіктерімен қатар технологиялық жетістіктерімен есте қалмақ. Мәселен, күн сайын Пхёнчханда жарық шамы бар дрондар көкке көтеріледі.

Бұл – Ақ Олимпиада сайысындағы жеңімпаздарға көрсетілген құрмет. Көкте самғаған жасанды жұлдыздың әрқайсысы GPS құрылғымен  жабдықталған. Соның арқасында 300-ге тарта шағын аппарат өзара қашықтықты сақтай отырып, белгілі бейнені еш қиындықсыз  суреттеп береді. Ауа райы мүмкіндік берсе, ұйымдастырушылар бұл технологияны жабылу салтанатында да қолданбақ.