A+ A A-

«Хабар» арнасы Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанатын тікелей эфирде көрсетеді

  • Жұма, 23 Ақпан 2018 11:38

25 ақпан күні сағат 17.00-де «Хабар» телеарнасы Пхёнчхан қаласындағы Ақ Олимпиаданың жабылу салтанатын тікелей эфирден көрсетеді.

XXIII Қысқы Олимпиада ойындарының ұйымдастырушылары аталмыш кеште дәстүрлі және заманауи мәдениетті бір арнада тоғыстырады. Оңтүстік Кореяның қазіргі мәдениеті танымал рэп-орындаушы CL (Си Эл) және EXO (Экзо) тобының өнері арқылы көрсетіледі. Сонымен қатар ашылу салтанатында есте қалған «жарқыраушы дрондардың» көмегімен керемет шоу қойылады деп жоспарлануда.

Жабылу салтанатында ту көтерушілер мен спортшылар шеруі, барлық қатысушы мемлекеттердің достық пен бірліктің симболы іспеттес бір бағытта жүріп өтуі, үш мемлекет Грекия, Оңтүстік Корея (2018 жылғы Ойындарды өткізген ел ретінде) және Қытайдың (келесі ойындарды қабылдаушы ел ретінде) туларының көтерілуі, Оңтүстік Корея, Грекия және Олимпиада ойындарының әнұранының шырқалуы, сондай-ақ Олимпиада жалауын Пхёнчхан қаласының мэрі Томас Бахқа, ал ол Пекин қаласының басшысына беруі және Олимпиада алауының сөнуі сынды дәстүрлі элементтер болады.

Көпжылдық дәстүр бойынша жабылу салтанатында шаңғы марафонының жеңімпаздарына медальдар жиынтығы табысталады.

Төрткүл дүние көз тіккен доданың жабылу салтанатында Жандос Айтбай және Асхат Жақаев комментаторлық жасайды.

9-25 ақпан аралығында «Хабар» арнасы Олимпиада ойындарынан 100 аса қосылым жасаған. Пхёнчханға кеткен тілшілеріміз күн сайын тікелей эфирге шығып, күнделіктер мен тележурналдар, сонымен қатар жаңалықтарға сюжет дайындады. Арнайы Олимпиада үшін ашылған khabar.kz/olympic сайтына 800 аса қызықты және эксклюзивті материал салынды.

 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз