A+ A A-

Алексей Полтораниннің бапкері қатаң мәлімдеме жасады

  • Жұма, 23 Ақпан 2018 15:42

Бүгін Алексей Полтораниннің бапкері, белгілі эстониялық бапкер Мати Алавер тосыннан мәлімдеме жасады. 


Caravan.kz сайтына берген сұхбатында, егер Алексей Полторанин сенбі күні Олимпиадада медаль алмаса, осы маусымдағы барлық еңбекақысын қайтаратынын айтқан.

«Қазір Пхенчханда Олимпиада ойындары өтіп жатыр. Олимпиададағы көрсеткіштер 4 жыл ішінде жасалған еңбектің өтемі болып саналады. Олимпиада - «Пионерская правда» немесе «Пионерская зорька» жарысы емес. Бұл жерде спортшылар барын салып, үздік нәтижеге ұмтылады. Оның ішінде Алексей Полторанин де бар. Маған Халықаралық Олимпиада комитетінің бұрынғы президенті Хуан Антонио Самаранчтың «Athletes is first»  яғни «спортта басты рөлде спортшы ойнайды» деген ұстанымы ұнайды. Бірақ, спортшының жарыстағы көрсеткішіне жауапкершілікті тек қана спортшы емес, оның артында тұрған жаттықтурышылары мен оған көмектескен барлық маман көтеруі тиіс. Сондықтан, егер сенбі күні Алексей Полторанин Олимпиадада медаль алмайтын болса, осы маусымдағы барлық еңбекақымды қайтарып беремнін. «Бақыт ақшада емес, оның сапасында» деген нақыл сөз бар. Алайда, қазір бұл жерде барлығы қатаң қағидаға байланысты. Осы әрекетім басқа да бапкерлерге үлгі болады деп ойлаймын» деген  Мати Алавердің мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетсек, 24 ақпан күні Пхенчхан Олимпиадасында ерлер арасында шаңғы жарысынан  50 км марафон өтеді. Мараонға Қазақстан құрамасынан Алексей Полторанин, Виталий Пухкало,  Евгений Величко және Денис Волотка қатысады.