A+ A A-

Қазақстан бүгін де жүлдесіз қалды

  • Жұма, 23 Ақпан 2018 18:47
Қазақстан бүгін де жүлдесіз қалды Фото: Данияр Майлыбаев

Бүгін Оңтүстік Кореяда Олимпиада ойындарының кезекті күні аяқталды. Қазақстандық спортшылар спорттың 3 түрі бойынша қатысып, тағы да жүлделі орынға іліне алмады.

Мәнерлеп сырғанау шебері Элизабет Тұрсынбаева жекелей сайыста 12-орынға жайғасты. Ол қысқа бағдарламада 58,82 ұпай, еркін бағдарламада 118,30 ұпай, қос бағдарлама қорытындысы бойынша 177,12 ұпаймен Пхенчхан Олимпиадасын аяқтады.

Бүгін айдынға шыққан конькишілеріміздің де жолы болмады. 1000 м қашықтықта Қазақстан коньки құрамасынан сынға түскен Денис Кузин 27-орын, Станислав Палкин 29-орын, Федор Мезенцев 33-орынды қанағат тұтты.

Ал биатлоншылар жарысты аяқтай алмады. Максим Браун,  Василий Подкорытов, Владислав Виткенко және Роман Еремин ерлер арасындағы эстафетада  үшінші айналымға келгенде жарыстан шеттетілді.

Бүгінгі жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан бейресми медаль кестесінде 27 орында тұр. Естеріңізге сала кетсек, фристайлдың могул түрінен Юлия Галышева Қазақстан қоржынына бір қола медаль салған болатын.