A+ A A-

ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күні мәресіне жетті

  • Сенбі, 24 Ақпан 2018 20:46
ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күні мәресіне жетті s-cdn.sportbox.ru

Оңтүстік Корея төріндегі XXIII Қысқы Олимпиада ойындары ертең аяқталады.

Тартыс қыза түскенде бүгін жарыс жолына қазақстандық шаңғышылар шыққан болатын. Қатарында ел зор үміт артқан Алексей Полторанин де болды. Өкінішке қарай, 50 шақырымдық классикалық сайыста медальға таласқан жерлесіміз шешуші сәтте сыр беріп, жүлделі орыннан тыс қалды. Аталмыш бәсекеге жерлестеріміз Евгений Величко мен Виталий Пухкало да қатысты. Бірақ спортшыларымыздың нәтижесі көңіл көншітпеді. Олар аламанды соңына дейін жүгіріп өткендерін жетістік санайды. Величко 39-шы болып келсе, Пухкало 52-ші орынмен Олимпиаданы аяқтады.

Сондай-ақ бүгін конькимен жүгіру бойынша жарыстар өтті. Ерлер арасындағы конькимен жүгіру спортында масс-старт бойынша Қазақстан сапынан айдынға Федор Мезенцев шықты. Ол бірінші жартылай финалда өз тобында 12 конькиші арасынан 11-орынмен жарысты аяқтады. Осылайша, қазақтандық конькишілер Пхенчхан Олимпиадасын жүлдесіз аяқтады.

Естеріңізге сала кетсек, конькиден Қазақстан құрамасы ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарына 10 жолдама ұтып алған болатын. Өкінішке қарай, бұл спорт түрінен ешкім жеңіс тұғырынан көрінбеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 28-орында келеді. Ал көш басында Қысқы Олимпиада ойындарында медальдар саны бойынша рекорд жаңартқан Норвегия құрамасы тұр.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз