A+ A A-

Бүгін қазақстандық шаңғышы қыздар 30 шақырымдық марафонға қатысады

  • Жексенбі, 25 Ақпан 2018 10:23
Бүгін қазақстандық шаңғышы қыздар 30 шақырымдық марафонға қатысады travel-holiday.net

Бүгін – Қысқы Олимпиада ойындарының соңғы жарыс күні.

Пхёнчхан төрінде қазір кезекті медальдар жиынтығы сарапқа салынып жатыр. Оның ішінде қазақстандық спортшылар шаңғы жарысы бойынша 30 шақырымдық марафонға қатысады. Әйелдер арасындағы сынға еліміздің атынан Анна Шевченко, Валерия Тюленева және  Елена Коломина шығады. Бұған қоса дәстүр бойынша Қысқы ойындардың соңғы күні ерлер арасындағы хоккейден финалдық бәсеке өтеді. Ал Олимпиаданың жабылу салтанаты Астана уақытымен 17:00-де басталады және оны «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз