A+ A A-

Қазақстандық шаңғышылар Пхенчхан Олимпиадасын аяқтады

  • Жексенбі, 25 Ақпан 2018 14:13

Бүгін Оңтүстік Кореяда ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының соңғы жарыс күні өтіп жатыр. 


Пхенчхан Олимпиадсының соңғы күнінде жарыс жолына қазақстандық шаңғышы қыздар 30 шақырымдық классикалық мас-стартқа қатысты. Қазақстан құрамасының мүшелері Анна Шевченко мәреге 31-ші болып келсе, Валерия Тюленева 32-ші, Елена Коломина 33-ші болып мәре сызығын кесті. 

Осылайша, Қазақстан Пхенчхан Олимпиадасын бір қола медальмен аяқтады. Қазақстан қоржынына қоланы Юлия Галышева фристайлдың могул түрінен салған болатын.