A+ A A-

Ресей құрамасы тұңғыш рет хоккейден Олимпиада чемпионы атанды

  • Жексенбі, 25 Ақпан 2018 15:00
Ресей құрамасы тұңғыш рет хоккейден Олимпиада чемпионы атанды vesti.kz

Пхенчханда өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында хоккейден финалда Ресей және Германия құрамалары кездесті.

Кездесу 4:3 есебімен ресейлік команданың пайдасына шешілді. Ресей құрамасының ойыншысы Вячаслав Войнов бірінші кезең аяқталуына санаулы секундтар қалғанда шайба салып кетті. 30-шы минутта Феликс Шутц есепті теңестірді. 54-ші минутта Никита Крюков ресейліктерді алға шығарды. Алайда 10 секундтан соң немістер (Доминик Кагун) жауап қайтарды. 57-ші минутта Йонас Мюллер немістердің жеңіске деген сенімін нығайтты. Ойын аяқталуға 56 секунд қалғанда Гусев қарсыластар қақпасынан саңылау таба білді. Шешуші шайбаны қосымша уақытта Кирилл Капризов соқты.

Осылайша Ресей құрамасы тұңғыш рет хоккейден Олимпиада чемпионы атанды. Олар 1998 жылы Ногано қаласында өткен Қысқы ойындарда күміс медальды иеленген еді.

Айта кетейік, қола медальды Канада құрамасы жеңіп алды. Үшінші орын үшін таласта олар Чехия құрамасын жеңді.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз