A+ A A-

Пхёнчхандағы дүбірлі дода мәресіне жетті

  • Жексенбі, 25 Ақпан 2018 19:00

Әлем назарын өзіне аударған Пхёнчхандағы дүбірлі додалар бүгін мәресіне жетті.

Жер-жаһанның түкпір-түкпірінен келген 3 мыңға жуық үздік спортшы екі апта бойы өзара бақ сынасып, нағыз мықтылар анықталды. Өкінішке қарай, ел намысын қорғап барған 46 атлетіміз осыдан төрт жыл бұрын өткен Сочи Олимпиадасындағы медальдық есепті жақсарта алмады. Спорттың 9 түрінен жарыс жолына шыққан отандық құрама тек могул сайысынан жүлде олжалады. Аталған сынның фристайл бәсекесінде Шығыс Қазақстан облысының тумасы Юлия Галышева қоржынға жалғыз қола салды. Осылайша Қазақстан жалпыкомандалық есепте үздік отыздыққа еніп, 95 мемлекет арасында тек 28-ші орыннан көрінді. Медальдар жиынтығының саны бойынша алғашқы үштікте – Норвегия, Германия және Канада.

Айта кетейік, кезекті XXIV Қысқы Олимпиада ойындары 4 жылдан соң Қытай астанасы Бейжіңде өтеді.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз