A+ A A-

Пхёнчхандағы Олимпиадаға қатысқан спортшыларға қанша ақша төленеді?

  • Дүйсенбі, 26 Ақпан 2018 10:15
Пхёнчхандағы Олимпиадаға қатысқан спортшыларға қанша ақша төленеді? inform.kz

Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өткен Қысқы Олимпиада ойындары аяқталды.

Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан жалпы алғанда спортшыларға 185 мың доллар төлейді.

Бұл туралы Vesti.kz порталы хабарлайды.

Спорт порталының мәліметінше, Қазақстан тек бір медаль – фристайлдан (могулшы Юлия Галышева) бір қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ үздік ондыққа шорт-тректен ерлер командасының (Денис Никиша, Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Ажғалиев және Еркебұлан Шамұханов) кіргені айтылады. Олар 5 000 метрлік эстафетада 6-орынға тұрақтады.

Қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль алғандарға 250 мың доллар, күміс медаль иелеріне 150 мың доллар, ал қола жүлдегерлерге 75 мың доллар беріледі.

Ал 4, 5 және 6-орын алған қазақстандықтарға сыйлықақы ретінде 30, 10 және 5 мың доллар беріледі. Сонымен қатар 6-орын алған спортшылар мен олардың бапкерлеріне де осындай көлемде ақша беріледі. Бірақ мұнда спортшының жүлдесі жеке бапкеріне және команданың жетекшісіне бөлінеді.

Осылайша Галышеваға 75 мың доллар беріледі. Тағы 75 мың доллар бөлек Галышеваның үш бапкеріне беріледі. Ал шорт-трекшілердің бапкерлеріне 15 мың доллар бөлінген.

Қазақстан 2018 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша спортшылар мен бапкерлерге 185 мың доллар (59 миллион теңгеден аса) төлейді.

Қаражаттың барлығы республика бюджетінен бөлінеді.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз