A+ A A-

Қазақстандық спортшылар XII Қысқы Паралимпиадалық ойындарға аттанды

  • Сәрсенбі, 28 Ақпан 2018 18:59

Бүгін қазақстандық спортшыларды Пхенчханда өтетін XII Қысқы Паралимпиада ойындарына шығарып салу рәсімі өтті.

Жарыстар 9-18 наурыз аралығында өтеді.

Қазақстандық 7 спортшы шаңғы жарысы мен биатлонда сынға түседі. Ұлттық Паралимпиада комитетінің бас хатшысы Диас Сүлейменовтың айтуынша, құрамадағы қыз-жігіттердің дайындығы жақсы. Бүгін XV Жазғы Паралимпиада ойындарының чемпионы Зульфия Ғабидуллина Қазақстанның көк байрағын Қайрат Қанафинге тапсырып, алдағы жарыстардан олжалы оралуларын тіледі.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз