A+ A A-

Қысқы Паралимпиада ойындары: Шаңғышы Александр Колядин алтын медаль алды

  • Сәрсенбі, 14 Наурыз 2018 13:00

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан Қысқы Паралимпиада ойындарында қазақстандық шаңғышы Александр Колядин 1,5 шақырымдық спринтте алтын медаль жеңіп алды.

Отандасымыздан кейін ізін ала бере жапондық спортшы Йошихиро Нитта келсе, канадалық шаңғышы Марк Арендс мәреге үшінші болып жетті.

Айта кету керек, бұл Отанымыздың тарихындағы Паралимпиададан спортшыларымыз жеңіп алған алғашқы алтын медаль. Еске сала кетсек, 12 наурызда шаңғышымыз Александр Герлиц еркін стильдегі 20 шақырымдық сайыста төртінші келген еді.

 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз