A+ A A-

Оңтүстік Корея төріндегі XXIII Қысқы Олимпиада ойындары ертең аяқталады.

Категория: Спорт

Бүгін Пхенчхан Олимпиадасында ерлер арасында шаңғыдан  50 км қашықтықта марафон өтті. 


Аталмыш жарысқа Қазақстан құрамасынан 3 шаңғышы қатысып, үшеуі де жүлдегерлер қатарынан көріне алмады. Алексей Полторанин 15-ші болып мәре сызығын кессе, Евгений Величко-39, Виталий Пухкало 52-орынмен жарысты сәтсіз аяқтады. 

Сайыс аяқталғаннан кейін Алексей Полторанин журналистерге әсерімен бөлісіп, жарыстағы жағдайы туралы пікір білдірді.

"Не болғанын білмеймін... Жүгірдім, барлығы жақсы болған, күшім де болды. Мен жарысты бастағанда екінші немесе үшінші орын туралы ойламадым. Жеңіс немесе жеңіліс деген екі ғана жол болды. Түбінде, жеңіліс болған екен", - дейді шаңғышы Алексей Полторанин. 

 

Категория: Спорт

Пхенчхан Олимпиадасы шарықтау шегіне жетті.

Категория: Спорт

Бүгін Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Пхенчхан Олимпиадасында 8 медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстандық спортшылар спорттың 2 түрінен жарысқа қатысады. Қатысушылар арасында жүлдеге басты үміткер қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин де бар. 

Шаңғы жарысы. Масс-старт. 50 км. Ерлер.
Қатысушылар - Алексей Полторанин, Виталий Пухкало, Евгений Величко, Денис Волотка
Басталуы - 11:00

Конькимен жүгіру. Масс-старт. Жартылай финал. Ерлер.
Қатысушы - Федор Мезенцев
Басталуы - 17:45

Конькимен жүгіру. Масс-старт. Финал.
Қатысушы - финалға өткендер
Басталуы - 19:00

Категория: Спорт

Бүгін Алексей Полтораниннің бапкері, белгілі эстониялық бапкер Мати Алавер тосыннан мәлімдеме жасады. 


Caravan.kz сайтына берген сұхбатында, егер Алексей Полторанин сенбі күні Олимпиадада медаль алмаса, осы маусымдағы барлық еңбекақысын қайтаратынын айтқан.

«Қазір Пхенчханда Олимпиада ойындары өтіп жатыр. Олимпиададағы көрсеткіштер 4 жыл ішінде жасалған еңбектің өтемі болып саналады. Олимпиада - «Пионерская правда» немесе «Пионерская зорька» жарысы емес. Бұл жерде спортшылар барын салып, үздік нәтижеге ұмтылады. Оның ішінде Алексей Полторанин де бар. Маған Халықаралық Олимпиада комитетінің бұрынғы президенті Хуан Антонио Самаранчтың «Athletes is first»  яғни «спортта басты рөлде спортшы ойнайды» деген ұстанымы ұнайды. Бірақ, спортшының жарыстағы көрсеткішіне жауапкершілікті тек қана спортшы емес, оның артында тұрған жаттықтурышылары мен оған көмектескен барлық маман көтеруі тиіс. Сондықтан, егер сенбі күні Алексей Полторанин Олимпиадада медаль алмайтын болса, осы маусымдағы барлық еңбекақымды қайтарып беремнін. «Бақыт ақшада емес, оның сапасында» деген нақыл сөз бар. Алайда, қазір бұл жерде барлығы қатаң қағидаға байланысты. Осы әрекетім басқа да бапкерлерге үлгі болады деп ойлаймын» деген  Мати Алавердің мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетсек, 24 ақпан күні Пхенчхан Олимпиадасында ерлер арасында шаңғы жарысынан  50 км марафон өтеді. Мараонға Қазақстан құрамасынан Алексей Полторанин, Виталий Пухкало,  Евгений Величко және Денис Волотка қатысады. 

Категория: Спорт

Өйткені 50 шақырымдық масс-старттағы оның басты қарсыласы Йоханнес Клебо жарыс жолына шықпайтын мәлімдеді.

Категория: Спорт

ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарында шаңғыдан еркін стильдегі командалық спринт бойынша жартылай финалдар өтті. 


Қазақстандық шаңғышылар Денис Волотка мен Алексей Полторанин еркін стильдегі командалық спринт сайысында финалдық кезеңге шыға алмады. Осыған дейін команда үздігі саналған Алексей Полторанин жартылай финал аяқталған соң жарыстағы көрсеткіші көңілінен шықпайтынын айтты.

«Бүгін шынымды айтсам, өзімді жайсыз сезініп тұрмын. Жарыс та біз ойлағандай болмады. Ал трассаның жақсы екенін айту керек. Бұл классикалық сайыс емес. Еркін әдістегі жарыстарға қатыспағалы көп болды. Сондықтан шамамның жеткені осы болды. Үш күннен кейін масс-стартта жағдайымның қалай болатынын да айта алмаймын», – деді Алексей Полторанин.

Айта кетейік, шаңғыдан әйелдер құрамасы да командалық спринт бойынша финалға өтпеді.

Категория: Спорт

Бүгін, 21 ақпан күні шаңғы спортынан командалық спринт бойынша жартылай финалдар өтті.


Ерлер және әйелдер арасында өткен сынға Қазақстан құрамасы қатысып, финалға өте алмады. Қазақстан ерлер құрамасынан Денис Волотко және Алексей Полторанин қатысты. Олар жарысты жалпы 16 минут 30,10 секунд уақытта аяқтап, 14 ел ішінде 8-орынға табан тіреді.

Ал Қазақстан әйелдер құрамасынан Анна Шевченко және Валерия Тюленова қатысып, олар тиісті межені  17 минут 57,04 секундта бағындырып, 11 ел ішінде 11-орынмен жартылай финалды сәтсіз аяқтады.

Категория: Спорт

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының аяқталуына санаулы күндер қалды.


Бүгін Пхенчхан Олимпиадасының кезекті жарыс күнінде спортшылар спорттың 7 түрі бойынша өзара мықтыны анықтайды.  Ал қазақстандық спортшылар соның ішінде спорттың екі түрінен сынға түседі. Атап айтқанда, шаңғышылар мен мәнерлеп сырғанау шеберлері ел намысын қорғамақ.

Назарларыңызға 21 ақпандағы жарыстар кестесін ұсынамыз:

Мәнерлеп сырғанау. Қысқа бағдарлама. Әйелдер.

Қатысушылар – Элизабет Тұрсынбаева, Айза Имамбекова

Басталуы – 07:00

Айза Имамбекованың өнер көрсететін уақыты - 08:08

Элизабет Тұрсынбаеваның өнер көрсететін уақыты - 10:11


Шаңғы жарысы. Командалық спринт. Жартылай финал. Әйелдер.

Қатысушылар – Анна Шевченко, Валерия Тюленова

Басталуы – 14:00


Шаңғы жарысы. Командалық спринт. Жартылай финал. Ерлер.

Қатысушылар – Алексей Полторанин, Денис Волотка

Басталуы – 14:50


Шаңғы жарысы. Командалық спринт. Финал. Әйелдер

Қатысушылар – финалға жолдама алғандар

Басталуы – 16:00


Шаңғы жарысы. Командалық спринт. Финал. Ерлер.

Қатысушылар – финалға жолдама алғандар

Басталуы – 16:30

Естеріңізге сала кетсек, Пхёнчханда Қысқы Олимпиада ойындары өтіп жатыр. 25 ақпанға дейін жалғасатын Олимпиадада спортшылар қысқы спорттың 15 түрі бойынша 102 жүлдені  сарапқа салады. Қазақстан қоржынында бір қола медаль бар. ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарын «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.


Категория: Спорт
Page 1 of 2