A+ A A-

Тау шаңғысының кезекті слалом бәсекесінен жерлесіміз Игорь Закурдаев алғашқы сында мәреге жете алмады.

Категория: Спорт

Бүгін ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында биатлоннан аралас эстафета сындары өз мәресіне жетті. 


Қазақстан биатлон құрамасы аталмыш жарыста 20 құрама команда ішінде 18-орынға тұрақтады. Қазақстан сапынан үздік нәтиже көрсеткен биатлоншы - Галина Вишневская. Ол мәреге алтыншы болып келді. Қазақстандық биатлоншылар Галина Вишневская, Алина Райкова, Максим Еремин және Максим Браун аралас эстафетаны  1:14: 13.7 уақытта аяқтады.  

Аталмыш сайыс бойынша Франция құрамасы Олимпиада Чемпионы атанды. Норвегия екінші орын алса, Италия үшінші орынға жайғасты. 

 

Категория: Спорт
Сәрсенбі, 14 Ақпан 2018 18:46

Алина Райкова

Алина Райкова 1991 жылы 14 тамызда Щучинск қаласында дүниеге келді. 2014 жылы Сочиде өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы, 2015 жылғы Қысқы Универсиада мен 2017 жылғы Қысқы Универсиаданың чемпионы, Қазақстан Республикасының спорт шебері. 2012 жылы Контиолахтиде өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жекелей жарыста 6-шы орын алды. 2016 жылы Ослода өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетіп, 8-ші орын алды. 2017 жылы Хохфильценде өткен әлем чемпионатында 29-шы орыннан көрінді. 

Категория: Биатлон