A+ A A-

Оңтүстік Кореядағы Қысқы Олимпиада ойындары спорттық жетістіктерімен қатар технологиялық жетістіктерімен есте қалмақ. Мәселен, күн сайын Пхёнчханда жарық шамы бар дрондар көкке көтеріледі.

Бұл – Ақ Олимпиада сайысындағы жеңімпаздарға көрсетілген құрмет. Көкте самғаған жасанды жұлдыздың әрқайсысы GPS құрылғымен  жабдықталған. Соның арқасында 300-ге тарта шағын аппарат өзара қашықтықты сақтай отырып, белгілі бейнені еш қиындықсыз  суреттеп береді. Ауа райы мүмкіндік берсе, ұйымдастырушылар бұл технологияны жабылу салтанатында да қолданбақ.

 

Категория: Спорт

Бүгін, яғни 9 ақпан Пхенчхандағы Қысқы Олимпиада ойындары салтанатты түрде ашылды. Айтулы шараға 300-ге жуық адам қатысып, арнайы қойылым 2 мыңға жуық актердің қатысуымен сахналанды. Спортшылардың шеруінде қазақстандық делегацияны шорт-трекші Абзал Әжіғалиев бастап шықты. 

Категория: Спорт