A+ A A-

Бүгін Оңтүстік Кореяда ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының соңғы жарыс күні өтіп жатыр. 


Пхенчхан Олимпиадсының соңғы күнінде жарыс жолына қазақстандық шаңғышы қыздар 30 шақырымдық классикалық мас-стартқа қатысты. Қазақстан құрамасының мүшелері Анна Шевченко мәреге 31-ші болып келсе, Валерия Тюленева 32-ші, Елена Коломина 33-ші болып мәре сызығын кесті. 

Осылайша, Қазақстан Пхенчхан Олимпиадасын бір қола медальмен аяқтады. Қазақстан қоржынына қоланы Юлия Галышева фристайлдың могул түрінен салған болатын. 

Категория: Спорт

Бүгін – Қысқы Олимпиада ойындарының соңғы жарыс күні.

Категория: Спорт

Ертең – XXIII Қысқы Олимпиада ойындарының соңғы күні.

Категория: Спорт

Пхенчхан Олимпиадасында шаңғышылар арасында командалық спринт бойынша жартылай финал аяқталды.


Қазақстан әйелдер құрамасы жартылай финалдық бәсекеде 10-орынға жайғасып, Пхенчхан Олимпиадасын сәтсіз аяқтады. Шаңғыдан Қазақстан әйелдер сапында қатысқан Валерия Тюленева: «Спринттегі шамамыз осы», – деп, жеңілісін мойындады.

«Анна екеуіміз қолымыздан келген нәтижені көрсеттік. Біздің қазіргі шамамыз осы. Спринт бізге қолайлы жарыс емес. Ұзақ қашықтықта жақсы сезінеміз. Алғашқы Олимпиадам болғаннан кейін қобалжу да болды», – деді «Хабар» арнасының тілшісіне берген сұхбатында Валерия Тюленева.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін шаңғыдан командалық спринт бойынша жартылай финалдар өтті. Өкінішке қарай, Қазақстан ерлер мен әйелдер құрамасы финалға өте алмады.

Категория: Спорт

Ақ Олимпиада өтіп жатқан Каннын қаласында кеше болған бораннан кейін бүгін Альпенсия аймағы мамыражай күйге көшіп, олимпиадашылар жарысын қайта жалғастырды.

Категория: Спорт
Сәрсенбі, 14 Ақпан 2018 11:17

Валерия Тюленева

Валерия Тюленева 1997 жылы 27 қыркүйек күні Щучинск қаласында дүниеге келген. Шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының спорт шебері. ҚР қыздар чемпионатының жүлдегері. 2015 жылғы шаңғы жарысынан U23 андерлер мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қатысушысы. 

Категория: Шаңғы жарысы