A+ A A-

Бүгін Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Пхенчхан Олимпиадасында 8 медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстандық спортшылар спорттың 2 түрінен жарысқа қатысады. Қатысушылар арасында жүлдеге басты үміткер қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин де бар. 

Шаңғы жарысы. Масс-старт. 50 км. Ерлер.
Қатысушылар - Алексей Полторанин, Виталий Пухкало, Евгений Величко, Денис Волотка
Басталуы - 11:00

Конькимен жүгіру. Масс-старт. Жартылай финал. Ерлер.
Қатысушы - Федор Мезенцев
Басталуы - 17:45

Конькимен жүгіру. Масс-старт. Финал.
Қатысушы - финалға өткендер
Басталуы - 19:00

Категория: Спорт

Пхёнчханда ерлер арасында өткен шаңғы эстафетасында отандық құрама сегізінші нәтиже көрсетті.

Категория: Спорт
Жексенбі, 18 Ақпан 2018 02:40

18 ақпан кімге жанкүйер боламыз?

ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күні басталды.


Бүгін қазақстандық спортшылар спорттың 3 түрі бойынша бақтарын сынап, ел намысын қорғайды. Атап айтқанда, тау шаңғысынан Игорь Закурдаев жарыс күнін ашып берсе, шаңғы жарысынан ерлер құрамасы эстафетаға қатысады. Бұрымды спортшыларымыздан жарыс жолына бүгін Екатерина Айдова 500 м қашықтықты бағындыруға шығады. Қазақстандық спортышлар қатысатын жарыстар кестесі толығымен мынадай болмақ:

Тау шаңғысы. Алып слалом. Бірінші ұмтылыс. Ерлер

Қатысушы – Игорь Закурдаев

Басталуы – 07:15

Екінші ұмтылыс – 10:45

Шаңғы жарысы. Эстафета. Ерлер.

Қатысушылар – Қазақстан ерлер құрамасы: Алексей Полторанин, Виталий Пухкало, Евгений Величко, Денис Волотка

Басталуы – 12:15


Конькимен жүгіру. 500 м. Әйелдер

ҚатысушыЕкатерина Айдова

Басталуы – 17:56

Естеріңізге сала кетсек, Пхёнчханда Қысқы Олимпиада ойындары өтіп жатыр. 25 ақпанға дейін жалғасатын Олимпиадада спортшылар қысқы спорттың 15 түрі бойынша 102 жүлдені сарапқа салады. Қазақстан құрамасы Юлия Галышева жеңіп алған бір қола медальмен бейресми жалпы медаль кестесінде 23-орында тұр. ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарын «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

 

 

Категория: Спорт
Сәрсенбі, 14 Ақпан 2018 11:25

Виталий Пухкало

Виталий Пухкало 1992 жылы 9 қыркүйекте Қостанай облысында дүниеге келген. Шаңғы жарысынан ҚР спорт шебері. Сондай-ақ ҚР Ұлттық құрамасының сапында. Республикалық сайыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, 2016 жылғы БЖСМ, МБЖСМОҚ, ЖСШМ қатысушылары арасындағы  шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының чемпионы. ҚР құрама командасының сапындағы андерлер арасындағы шаңғы жарысынан әлем чемпионатының қатысушысы. 2017 жылы ҚР құрама командасының ересектер арасындағы шаңғы жарысынан әлем чемпионатының қатысушысы, Эстафеталық жарыста әлемдік Қысқы Универсиада ойындарының күміс жүлдегері. 

 
Категория: Шаңғы жарысы

Пхенчханда скиатлоннан өткен ерлер арасындағы жарыс мәресіне жетті.

Категория: Спорт