A+ A A-

Тау шаңғысының кезекті слалом бәсекесінен жерлесіміз Игорь Закурдаев алғашқы сында мәреге жете алмады.

Категория: Спорт

Бүгін Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан ақ Олимпиада ойындарның 13-жарыс күні басталды. 22 ақпан күні Пхенчхан Олимпиадасына спорттың 10 түрі бойынша медальдар ойнатылады. Ал қазақстандық спортшылар спорттың 3 түрінен қатысады.

 

Тау шаңғысы. Слалом. Ерлер.

Қатысушы – Игорь Закурдаев

Басталуы – 07:00

 

Шорт-трек. 500 м. Ширек финал. Ерлер.

Қатысушылар – Денис Никиша, Абзал Әжғалиев, Нұрберген Жұмағазиев

Басталуы – 16:00

 

Биатлон. Эстафета. Әйелдер

Қатысушылар – Галина Вишневская, Ольга Вишневская, Алина Райкова, Дарья Климина

Басталуы – 17:15

 

Шорт-трек. Эстафета. 5000 м. Жұбаныш финал. Ерлер.

Қатысушылар – Денис Никиша, Абзал Әжғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Еркебұлан Шамуханов

Басталуы – 17:52

Естеріңізге сала кетсек, Пхёнчханда Қысқы Олимпиада ойындары өтіп жатыр. 25 ақпанға дейін жалғасатын Олимпиадада спортшылар қысқы спорттың 15 түрі бойынша 102 жүлдені  сарапқа салады. Қазақстан қоржынында бір қола медаль бар. ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарын «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

Категория: Спорт

9 ақпан күні басталған Пхёнчхан Олимпиадасы әлі де жалғасуда.

Категория: Спорт

Бүгін Оңтүстік Кореяда Олимпиада ойындарының жетінші  күні басталды. Қазақстандық спортшылар бүгін спорттың 6 түрі бойынша бақтарын сынайды. Бүгінге арналған жарыс кестесі мынадай:

Тау шаңғысы. Слалом. Әйелдер.

Қатысушы – Мария Григорова

Басталуы – 07:00


Тау шаңғысы. Жылдамдықпен төмен түсу.  Ерлер.

Қатысушы – Игорь Закурдаев

Басталуы – 8:30

 

Тау шаңғысы. Еркін әдіс. 10 км. Әйелдер

Қатысушылар - Анна Шевченко, Валерия Тюленева, Елена Коломина
Басталуы – 10:45


Биатлон. Жекелей жарыс. 15 км. Әйелдер.

Қатысушылар -  Галина Вишневская, Дарья Климина, Ольга Полторанина, Алина Райкова

Басталуы – 14:15


Фристайл. Акробатика. Бірінші және екінші іріктеу кезеңдері. Әйелдер.

Қатысушылар – Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмұрзаева, Маржан Ақжігіт, Аяна Жолдас.

Басталуы – 17:00

 

Биатлон. Жекелей жарыс (20 км). Ерлер.

Қатысушылар – Максим Браун, Тимур Хамитгатин, Владислав Витенко, Василий Подкорытов

Басталуы – 17:20

Категория: Спорт

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Ақ Олимпиаданың алтыншы күні сарапқа салынатын медаль жиынтығы тағы да қысқарды.

Категория: Спорт

Оңтүстік Кореяда ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындары өтіп жатыр.

Категория: Спорт

Бүгін Пхенчхан Олимпиадасында биатлоннан әйелдер арасында 10 км қашықтықта із кесу жарысы болып өтті. Аталмыш жарыста қазақстандық Галина Вишневская 20-шы, Дарья Климина 57-ші орынмен жарысты аяқтады. Галина Вишневская «Хабар» тілшілеріне мұндай көрсеткішке көңілі томайтынын, сондай-ақ, жарыс барысында қателескенін айтты.

 - Дала суық. Жарыс барысында өте қатты тоңып жүрдік. Жарыс бойы жылына алмай, өз формамызды жоғалтып алдық. Сәтсіздікке ауа райының да қатысы болды деуге болады. Өкінішке қарай, отырған кезімде орнымнан бірден тұра алмай, болмайтын жерде өрескел қатеге жол бергенімді мойындаймын. Жарысты қорытындылайтын болсам, нысана көздеудегі нәтижеме көңілім толды. Негізгі мақсатым үздік ондыққа ілініп, масс-стартқа қатысу еді. Суыққа, осындай желге  өзімді дайындап шыққаныммен, жарысты ойдағыдай аяқтай алмадым, - дейді Пхенчхан Олимпиадасының қатысушысы Галина Вишневская. 

Естеріңізге сала кетсек, биатлонның 10 км қашықтыққа із кезу сайысы бойынша әйелдер арасында неміс қызы Лаура Дальмайер үздік көрсеткішке қол жеткізіп, Пхенчхан Олимпиадасының екі дүркін чемпионы атанды. Словакиялық Анастасия Кузьмин күміс медаль иеленсе, осы спорт түрі бойынша франциялық Анаис Бескон қола медальға қол жеткізген болатын.

Категория: Спорт

XXIII Қысқы Олимпиада ойындары спортшылардың есінде суық ауа райымен есте қалары анық.

Категория: Спорт
Page 1 of 2