A+ A A-

Тау шаңғысының кезекті слалом бәсекесінен жерлесіміз Игорь Закурдаев алғашқы сында мәреге жете алмады.

Категория: Спорт

9 ақпан күні басталған Пхёнчхан Олимпиадасы әлі де жалғасуда.

Категория: Спорт
Сәрсенбі, 14 Ақпан 2018 18:46

Дарья Климина

Дарья Климина 1989 жылы 6 қыркүйекте Павлодар қаласында дүниеге келген. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Дарья Климина ең алғаш рет 2009 жылы Оберхофта өткен әлем чемпионатында бағын сынап, кейін Саппорода өткен Азия ойындарында «алтын» және екі «қола» медаль тағынды.  Бірнеше чемпионат пен әлем кубогы кезеңдерінің қатысушысы. 

Категория: Биатлон

Бүгін Пхенчхан Олимпиадасында биатлоннан әйелдер арасында 10 км қашықтықта із кесу жарысы болып өтті. Аталмыш жарыста қазақстандық Галина Вишневская 20-шы, Дарья Климина 57-ші орынмен жарысты аяқтады. Дарья Климина «Хабар» тілшілеріне жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті:

-       Жарысқа жақсы дайындалғаныммен, нысана көздеуде мүлт кетіп, маған артылған міндетті орындай алмадым. Тұрып ату қиын болды. Ал жатып ату кезінде саусақтарымның үсіп қалғанын байқадым. Ауа райы біз үшін өте қолайсыз болғанын айта кету керек. Тек маған емес, бәріне мұндай ауа райында сынға түскен қиынға соқты. Тіпті, Еуропалықтар тоқылған қолғап киіп қатысып жүрді, - дейді жарысты қорытындылап.

«Бүгінгі із кесуден кейін шаңғы жарысына қатысу қиынға соқпайды ма?» - деген сұраққа «өкінішке қарай, біздің командамыз қосымша квота болмағандықтан шаңғы жарысына қатыспайды» - деді спортшы.

Естеріңізге сала кетсек, биатлонның 10 км қашықтыққа із кезу сайысы бойынша әйелдер арасында неміс қызы Лаура Дальмайер үздік көрсеткішке қол жеткізіп, Пхенчхан Олимпиадасының екі дүркін чемпионы атанды. Словакиялық Анастасия Кузьмин күміс медаль иеленсе, осы спорт түрі бойынша франциялық Анаис Бескон қола медальға қол жеткізген болатын.

Категория: Спорт

XXIII Қысқы Олимпиада ойындары спортшылардың есінде суық ауа райымен есте қалары анық.

Категория: Спорт