A+ A A-

Бүгін Оңтүстік Кореяда Олимпиада ойындарының кезекті күні аяқталды. Қазақстандық спортшылар спорттың 3 түрі бойынша қатысып, тағы да жүлделі орынға іліне алмады.

Мәнерлеп сырғанау шебері Элизабет Тұрсынбаева жекелей сайыста 12-орынға жайғасты. Ол қысқа бағдарламада 58,82 ұпай, еркін бағдарламада 118,30 ұпай, қос бағдарлама қорытындысы бойынша 177,12 ұпаймен Пхенчхан Олимпиадасын аяқтады.

Бүгін айдынға шыққан конькишілеріміздің де жолы болмады. 1000 м қашықтықта Қазақстан коньки құрамасынан сынға түскен Денис Кузин 27-орын, Станислав Палкин 29-орын, Федор Мезенцев 33-орынды қанағат тұтты.

Ал биатлоншылар жарысты аяқтай алмады. Максим Браун,  Василий Подкорытов, Владислав Виткенко және Роман Еремин ерлер арасындағы эстафетада  үшінші айналымға келгенде жарыстан шеттетілді.

Бүгінгі жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан бейресми медаль кестесінде 27 орында тұр. Естеріңізге сала кетсек, фристайлдың могул түрінен Юлия Галышева Қазақстан қоржынына бір қола медаль салған болатын.

 

 

Категория: Спорт
Сәрсенбі, 14 Ақпан 2018 18:46

Денис Кузин

Денис Кузин 1988 жылы 4 желтоқсанда Қостанай қаласында дүниеге келген. 2010 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, 1500 метрлікте 2011 жылғы Азия ойындарының чемпионы. 1000 метр қашықтықта 2013 жылғы әлем чемпионы. Қазақстан Республикасының спорт шебері. 2007 жылдан бері ҚР құрамасының сапында өнер көрсетіп келеді. 2009 жылы әлемдік Универсиадада бой көрсетіп, 4-ші және 6-шы орын алды. 2010 жылғы Ванкуверде өткен Олимпиада ойындарында 1000 және 1500 метр қашықтықта сынға түсіп, 23-ші орын алды. 2014 жылы Сочидегі Олимпиада ойындарында екі қашықтықта жарыс алаңына шығып, 1000 метрлікте 7-ші орын, 1500 метрлікте 9-шы орынға ие болды. Сондай-ақ ол 2013 жылғы 1000 метрлік қашықтықта әлем чемпионы. 

Пхёнчханда ерлер арасында 1500 метрге конькимен жүгіру жарысында бақ сынасқан Федор Мезенцев пен Денис Кузин тек отыздықтан көрінді.

Категория: Спорт

Олардың бірі – конькимен жүгіруден  әлем чемпионы Денис Кузин. Қостанайлық саңлақ екі қашықтықта сынға түседі.

Категория: Спорт