A+ A A-
Бейсенбі, 22 Ақпан 2018 20:58

Пхёнчхан 2018: күн қорытындысы

Пхенчхан төрінде Қысқы ойындардың кезекті жарыс күні енді қыза түсті.

Категория: Спорт

Қазақстандық шорт-трек шеберлері Қысқы Олимпиада ойындарының ширек финалына жолдама алды.

Категория: Спорт

Пхенчхан Олимпиадасында ерлер арасында шорт-тректен бірінші іріктеу кезеңдері аяқталды.


500 м қашықтықта жарысқа түскен қазақстандық 3 шорт-трекші де жарыста үздіктер қатарынан көрінбеді. Алайда, Қазақстан сапынан қатысқан  Денис Никиша (41,436), Нұрберген Жұмағазиев (40,748) және Абзал Әжғалиев (43,388) те өз топтарында 3 орын алғанымен, қарсыластарының жарыстан қууылуына байланысты, төрешілер шешімімен ширек финалда жарысуға мүмкіндік алды. 

* Шорт-трек спортының ережесі бойынша, әр топтан 1 және 2 орындарда тұрған спортшылар жартылай финалға, финалға жолдама алып отырады.

Ширек финал мен жартылай финал, финалдық бәсекелер енді 22 ақпан күні өтеді. 

Категория: Спорт

ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының 11-күнінде спортшылар спорттың 8 түрі бойынша сынға түседі.


Оның ішінде спорттың 5 түрінен медальдар ойнатылады. Ал қазақстандық спортшылар екі спорт түрінен ел намысын қорғайтын болады. Назарларыңызға 20 ақпанда қазақстандықтар қатысатын жарыс кестесін ұсынамыз: 


Шорт-трек. 1000 м. Іріктеу кезеңдері. Әйелдер.

Қатысушылар – Анастасия Крестова, Йонг А Ким

Басталуы – 20:00

 

Шорт-трек. 500 метров. Іріктеу кезеңдері. Ерлер.

Қатысушылар – Денис Никиша, Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжғалиев

Басталуы – 16:45


Биатлон. Аралас эстфета.

Қатысушылар – Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасы

Басталуы – 17:15

Естеріңізге сала кетсек, Пхёнчханда Қысқы Олимпиада ойындары өтіп жатыр. 25 ақпанға дейін жалғасатын Олимпиадада спортшылар қысқы спорттың 15 түрі бойынша 102 жүлдені  сарапқа салады. Қазақстан қоржынында бір қола медаль бар. ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарын «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

 



Категория: Спорт

Бүгін Пхёнчхан төрінде 8 медаль жиынтығы сарапқа салынған болатын.

Категория: Спорт

Пхенчхан Олимпиадасының алғашқы жарыс күні бес спорт түрінен медальдар сарапқа салынды.

Категория: Спорт

Пёхнчхан Олимпиадасында шорт-трек спорты бойынша 1500 м қашықтықта сынға түскен отандасымыз Денис Никиша өз тобында 4 орын алып, жартылай финалға өте алмады. 

Естеріңізге сала кетсек, 9 ақпан күні Пхёнчханда Қысқы Олимпиада ойындары басталды. 25 ақпанға дейін жалғасатын Олимпиадада спортшылар қысқы спорттың 15 түрі бойынша 102 медальді сарапқа салады. Қазақстандық 46 спортшы спорттың 9 түрі бойынша сынға түседі. ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарын «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

Категория: Спорт