A+ A A-

Бүгін Пхенчханда биатлонның  эстафетасы бойынша  мықты командалар анықталды.


Ең үздік көрсеткішпен жарысты бірінші болып аяқтаған Белорусь құрамасы Олимпиада Чемпионы атанды. Пхенчхан Олимпиадасының Чемпионы атанған команда сапында Алимбекова Динара есімді этникалық қазақ қызы барын айтқан едік.

Жарыс аяқталғаннан кейін "Хабар" тілшілері Динараның Қазақстан туралы пікірін сұрады.

"Мен осыған әріптестеріңізге айтқанымдай, 3 жасымда отбасымызбен бірге Белоруссияға көшіп келдім. Биатлонмен Белоруссияда таныстым, Белоруссияда биатлонмен айналысамын. Сондықтан Белоруссия атынан жарыстарға шығуым заңдылық", - дейді белоруссиялық биатлоншы Динара.

"Қазақстанға қандай қатысың бар?" деп сұраған журналистер сауалына Динара "Қазақстанда туылдым. Болды", - деп қысқа жауап қайырды.

Естеріңізге сала кетсек, Пхенчханда ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары өтіп жатыр. 25 ақпанға дейін жалғасатын байрақты бәсекені "Хабар" арнасы тікелей эфирде көрсетуде. 

Категория: Спорт

Бүгін Пхенчхан Олимпиадасында биатлоннан әйелдер арасында эстафета өз мәресіне жетті. 


Әйелдер арасында Белорусь құрамасы үздік атанып, Пхенчхан Олимпиадасының алтынына ие болды. Эстафета бойынша Чемпион атанған құрама сапында қазақ қызы Динара Алимбекова қатысты. 

Динара Әлімбекова (Алимбекова) - 1996 жылы Қарағанды облысы, Абай ауданында дүниеге келген. Әкесі - қазақ. Шешесі - белорусь. Үш жасқа келгенде Қазақстаннан Белоруссияға қоныс аударған. 

Шаңғы спортынан бастаған Динара, 2008 жылдан бері биатлонмен айналысып келеді. Жаөспірімдер арасында Әлем Чемпионы атағы бар.  

Естеріңізге сала кетсек, биатлонның эстафета түрі бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы Пхенчхан Олимпиадасын 14-орынмен аяқтаған болатын.

Категория: Спорт