A+ A A-

Бүгін Оңтүстік Кореяда ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының соңғы жарыс күні өтіп жатыр. 


Пхенчхан Олимпиадсының соңғы күнінде жарыс жолына қазақстандық шаңғышы қыздар 30 шақырымдық классикалық мас-стартқа қатысты. Қазақстан құрамасының мүшелері Анна Шевченко мәреге 31-ші болып келсе, Валерия Тюленева 32-ші, Елена Коломина 33-ші болып мәре сызығын кесті. 

Осылайша, Қазақстан Пхенчхан Олимпиадасын бір қола медальмен аяқтады. Қазақстан қоржынына қоланы Юлия Галышева фристайлдың могул түрінен салған болатын. 

Категория: Спорт

Бүгін Пхенчханда әйелдер арасында скиатлоннан жарыстар басталды. Қазақстан сапынан шыққан шаңғышылар Анна Шевченко 36-шы (+3:40,2),  Елена Кломина 54-ші (+5:43,6) болып мәреге келді. Тағы бір қазақстандық спортшы Валерия Тюленова техникалық себептерге байланысты алаңды босатуға мәжбүр болды. 

Естеріңізге сала кетсек, Пхенчханда Қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан күндері өтеді. Биыл Олимпиадада спортшылар қысқы спорттың 15 түрі бойынша 102 медальді сарапқа салады. Қазақстандық 46 спортшы спорттың 9 түрі бойынша сынға түседі. ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарын «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

 

Категория: Спорт