A+ A A-

Оңтүстік Кореяда Пхенчхан Олимпиадасының соңғы жарыс күні өтіп жатыр. 


Қазіргі таңда Қазақстан ХХІІІ қысқы  Олимпиадада  бейресми медаль кестесінде 28-орында.  Ел қоржынына салынған бір қола медаль фристайлдың могул түрінен қатысқан Юлия Галышеваға тиесілі. Жалғыз қола иеленген Қазақстанмен қатар, 28-орынды Латвия мен Лихтенштейн құрамалары бөлісіп тұр. Ал медальдар кестесінде көш бастап тұрған команда - Норвегия  құрамасы. Екінші орында Германия, үшінші орынға Канада құрамасы жайғасқан. 

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Пхенчхан Олимпиадасының салтанатты жабылу шарасы өтеді. Астана уақытымен сағат 17:00-де басталатын жылдың ең маңызды шарасын "Хабар" арнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

 

Категория: Спорт

Бүгін Пхенчханда өтіп жатқан ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күні аяқталды. Олимпиаданың 7-күнінде қазақстандық спортшылар спорттың 3 түрі бойынша бақтарын сынап, тағы да жүлдесіз қалды. 


Медальға үмітті спортшылардың бірі Денис Тен қысқа бағдарламада аз ұпай жинап, негізгі кезеңге өте алмады. Қысқа бағдарламада 70,12 ұпаймен жарысты 30 спортшы ішінде 27-орынмен аяқтады. Жарыс аяқталысымен Денис Тен «Хабар» тілшілеріне берген сұхбатында Пхенчхан Олимпиадасына дейін жарақаты мазалағанын айтқан болатын.

«Осы Олимпиадада қатысуымның өзі – мен үшін жетістік. Себебі Пхёнчханға дейін көп жарақатым болды. Соңғы бірнеше айдан бері аяғымның ауырғанынан дұрыс ұйықтай алмай жүрмін. Бірақ соған қарамай осында келдім. Бұл Олимпиаданы асыға күттім. Сочиден кейін спорттан кету туралы ойым болған еді. Енді міне Кореяда жүрмін, келгеніме қуаныштымын. Бүгін жақсы өнер көрсете алмадым. Қазақстан құрамасының спортшыларына сәттілік тілеймін!

Мен спорттағы ғұмырымды осылай аяқтағым келмейді. Мен әлі өз жанкүйерлерімді қуантамын.  Кореяда мені жанкүйерлер жылы қарсы алады. Менің менеджментіммен кореялық компания айналысады. Киетін костюмімді кореялық дизайнер тікті. Әрине, Корея – ерекше мемлекет. Алайда мен өзімнің қайда туғанымды, өскен отанымды ұмытпаймын. Менің қаным кәріс ұлтынан болғанымен, мен алматылықпын, өзімді өмір бойы қазақстандық санаймын.  Мен ерекші бағдарламаны дайындап, Олимпиадада көрсеткім келді. Қысқа бағдарламада классикалық сипат басым болса, бұл жолы өзгеше қойылыммен шықтым. Жарақат бар мүмкіндігімді көрсетуге кедергі келтіреді», - дейді Денис Тен Олимпиададан кейін.

Спорт жұлдыздары мен спорт жанкүйерлері Денис Тенге қолдау білдіріп, оның бүгінгі бағдарламадағы өнерін қызу талқылап жатыр. Денис Теннің жанкүйерлері спортшының ауыр жарақатына байланысты осындай нәтиже боларын білген едік дейді.

Тау шаңғысы бойынша ел намысын қорғап жүрген жалғыз отандасымыз Игорь Закурдаевтың бүгін де жолы болмады. Ол слаломда  1:29,96 көрсеткішімен 55 спортшы ішінде 41-орынға жайғасты. 

Әйелдер арасында тау шаңғысы спортының слалом дипсциплинасы бойынша отандасымыз Мария Григорова  сынға түсті. Ол бүгін бірінші талпынысында 54-орын алса, екінші талпынысында жарысты 51-орынмен аяқтады.

Ерлер арасында шаңғы спорты бойынша Қазақстан құрамасынан Виталий Пухкало, Евгений Величко, Денис Волотка жарыс жолына шықты. Еркін әдіспен 15 км қашықтықты Виталий Пухкало 36:57.4 уақытта бағындырып, 118 спортшы ішінде  54-орынға тұрақтады. Ал Евгений Величко (37:28.6)  61-орын алса,  Денис Волотка (37:39.8) 64-орыннан көрінді.

Пхенчхан Олимпиадасында осы күнге дейінгі жарыс нәтижесі бойынша Қазақстан бір қола медальмен 21-орынға түсті. 

Категория: Спорт