A+ A A-

Пхенчханда өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында хоккейден финалда Ресей және Германия құрамалары кездесті.

Категория: Спорт

Бүгін ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысы бойынша жарыстар өтіп жатыр.


Осыған орай, Олимпиада Чемпионы қазақстандық шаңғышы Владимир Смирнов отандастарын қолдауға Пхенчханға келді. 

- Біздің командамыздың аяқ алысы жақсы, көрсеткіштері жаман емес. Бірақ, біз әрине бұдан да жоғары нәтижелерді күтеміз. Әсіресе, Алексей Полтораниннен үмітіміз мол. Үмітіміз бар, демек соңына дейін талпынуымыз керек. Меніңше, Алексей Полторанинде классикалық әдіспен 50 км қашықтықта жүріп өтуде мүмкіндігі жоғары сияқты. Сондықтан оған сәттілік тілеймін!",- дейді Владимир Смринов. 

 Естеріңізге сала кетсек, Пхёнчханда Қысқы Олимпиада ойындары өтіп жатыр. 25 ақпанға дейін жалғасатын Олимпиадада спортшылар қысқы спорттың 15 түрі бойынша 102 жүлдені  сарапқа салады. Қазақстан қоржынында бір қола медаль бар. ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарын «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Категория: Спорт