A+ A A-

25 ақпан күні сағат 17.00-де «Хабар» телеарнасы Пхёнчхан қаласындағы Ақ Олимпиаданың жабылу салтанатын тікелей эфирден көрсетеді.

Категория: Спорт

ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында бүгін шаңғы спорты бойынша спринтерлік сайыстары өтіп жатыр. Ерлер арасында ширек финал аяқталып, жартылай финалға жолддамалар беріле бастады. 

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин (3: 12,60) іріктеу кезеңінде үздіктер қатарында табылғанымен, ақтық сында сүрінді. Ол ширек финалда мәреге 4-ші келіп, жартылай финалдық жолдаманы уысынан шығарып алды. 

Шаңғы спортының спринт бәсекесінде осымен екінші қазақстандық спортшы ширек финалдан жарысты аяқтап отыр. Әйелдер арасында сынға түскен Анна Шевченконың өз тобнда соңғы орынмен жарысты аяқтағанын айтқан болатынбыз. 

Категория: Спорт

Пхенчхан Олимпиадасында ерлер арасында шаңғы спорты бойынша спринтерлік сайыстардың іріктеу кезеңі аяқталды. Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин ерлер арасында 13 орынмен, бірінші ширек финалға жолдама алды. Оның осы жарыстағы көрсеткіші - 3:14,43. 

Дәл осы сайысқа қатысқан екінші қазақстандық спортшы Денис Волотка 3:22,52 көрсеткішімен жарысты 51-ші орынмен аяқтады. 

 

Категория: Спорт

Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев фристайлшы Юлия Галышеваны Олимпиада ойындарындағы қола медалімен құттықтады. 

Құрметті Юлия!

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті және өз атымнан Сізді Пхенчхандағы XXІІI қысқы Олимпиада ойындарында қол жеткізген керемет жетістігіңізбен құттықтаймын.

Сіздің әлемнің үздік спортшыларымен бірге сынға түсіп, көрсеткен жеңіске деген құштарлығыңыз бен жарқын өнеріңізге миллиондаған қазақстандық куә болды.

Олимпиада ойындарының медалі - талай уақыт жұмсаған жаттығулардың жемісі. Сізді, жаттықтырушыңызды және де осы жетістікке өз үлестерін қосқан бүкіл команданы шын жүректен құттықтаймын.

Сонымен қатар, осындай спортшыны тәрбиелеп, қысқы спортты дамытып жатқан Шығыс Қазақстан облысы мектебіне жеке алғысымды білдіремін.

Сіздің бұл медаліңіз Қазақстан Республикасының олимпиадалық марапаттар тарихында өзіндік орын алатынын сөзсіз.

Сізге тек сәттілік және жеңіс тілеймін!

Құрметпен,
ҚР ҰОК президенті Т. Кұлыбаев

Категория: Спорт

12 ақпан күні Пхенчханда өтіп жатқан ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының спортшылары спорттың 4 түрі бойынша сынға түсетін болады. Бүгінгі күннің ең маңызды жарысы Дмитрий Рейхард қатысатын финал болмақ.

Назарларыңызға жарыс кестесін ұсыманыз:

Тау шаңғысы

Алып слалом. Әйелдер

Қатысушы – Мария Григорова

Басталуы – 7:15

Биатлон

Із кесу жарысы. Әйелдер. 10 км

Қатысушылар – Галина Вишневская, Дарья Климина

Басталуы – 16:10

Биатлон

Із кесу жарысы. Ерлер. 12,5 км

Қатысушы – Роман Еремин

Басталуы – 18:00

Фристайл

Могул. Ерлер. Финал

Қатысушылар – Дмитрий Рейхард, Павел Колмаков

Басталуы – 18:00

Конькимен жүгіру

Әйелдер. 1500 км

Қатысушы – Екатерина Айдова

Басталуы – 18:30

Категория: Спорт

Қысқы Олимпиаданың бүгінгі ойындарында әйелдер арасындағы фристайл могул сыны мәреге жетті.

Категория: Спорт

Пхенчханда скиатлоннан өткен ерлер арасындағы жарыс мәресіне жетті.

Категория: Спорт

Пхенчханда әйелдер арасында өткен 7,5 шақырымдық биатлон жарысында отандастарымызға жылдамдық пен дәлдік жетіспеді.

Категория: Спорт

Қысқы Олимпиада ойындарында шорт-трек жарысынан жерлестеріміз Нұрберген Жұмағазиев пен Денис Никиша 1,5 шақырым қашықтық квалификациясынан өте алмады.

Категория: Спорт

XXIII Қысқы Олимпиада ойындарының алғашқы алтыны Швеция спортшысы Шарлотта Каллаға бұйырды.

Категория: Спорт
Page 1 of 2