A+ A A-

Бүгін Оңтүстік Кореяда Олимпиада ойындарының кезекті күні аяқталды. Қазақстандық спортшылар спорттың 3 түрі бойынша қатысып, тағы да жүлделі орынға іліне алмады.

Мәнерлеп сырғанау шебері Элизабет Тұрсынбаева жекелей сайыста 12-орынға жайғасты. Ол қысқа бағдарламада 58,82 ұпай, еркін бағдарламада 118,30 ұпай, қос бағдарлама қорытындысы бойынша 177,12 ұпаймен Пхенчхан Олимпиадасын аяқтады.

Бүгін айдынға шыққан конькишілеріміздің де жолы болмады. 1000 м қашықтықта Қазақстан коньки құрамасынан сынға түскен Денис Кузин 27-орын, Станислав Палкин 29-орын, Федор Мезенцев 33-орынды қанағат тұтты.

Ал биатлоншылар жарысты аяқтай алмады. Максим Браун,  Василий Подкорытов, Владислав Виткенко және Роман Еремин ерлер арасындағы эстафетада  үшінші айналымға келгенде жарыстан шеттетілді.

Бүгінгі жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан бейресми медаль кестесінде 27 орында тұр. Естеріңізге сала кетсек, фристайлдың могул түрінен Юлия Галышева Қазақстан қоржынына бір қола медаль салған болатын.

 

 

Категория: Спорт

Бүгін Олимпиаданың кезекті жарыс күнінде Пхёнчхан төрінде кезекті медальдар жиынтығы сарапқа салынды.

Категория: Спорт

ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарының 10-күнінде спорттың 3 түрі бойынша медальдар ойнатылады.


Атап айтқанда, бобслей, трамплиннен секіру және конькимен жүгіру спорты бойынша спортшылар өзара мықтыны анықтайды. Қазақстандық спортшылар аталған спорттың ішінде тек біреуінен қатысады.

19 ақпан күні біз конькишілер Станислав Палкин, Роман Креч және Артем Крикуновқа жанкүйер боламыз. 500 м қашықтықтағы жекелей сындар Астана уақытымен сағат 17:53-те басталады.

Естеріңізге сала кетсек, Пхёнчханда Қысқы Олимпиада ойындары өтіп жатыр. 25 ақпанға дейін жалғасатын Олимпиадада спортшылар қысқы спорттың 15 түрі бойынша 102 жүлдені  сарапқа салады. Қазақстан қоржынында бір қола медаль бар. 18 ақпандағы бейресми медаль кестесінде Қазақстан Лихтенштейнмен бірге 25-орынды бөлісіп тұр. ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарын «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Категория: Спорт
Сәрсенбі, 14 Ақпан 2018 18:46

Станислав Палкин

Станислав Палкин 1996 жылы 4 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Конькимен жүгіруден халықаралық деңгейдегі спорт шебері. ҚР бірнеше дүркін жеңімпазы, Минскіде өткен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының жеңімпазы әрі жүлдегері, Польша мен Қытайда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері. Саппорода өткен Қысқы Азия ойындарының қатысушысы.