A+ A A-

Оңтүстік Корея төріндегі XXIII Қысқы Олимпиада ойындары ертең аяқталады.

Категория: Спорт

Бүгін Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Пхенчхан Олимпиадасында 8 медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстандық спортшылар спорттың 2 түрінен жарысқа қатысады. Қатысушылар арасында жүлдеге басты үміткер қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин де бар. 

Шаңғы жарысы. Масс-старт. 50 км. Ерлер.
Қатысушылар - Алексей Полторанин, Виталий Пухкало, Евгений Величко, Денис Волотка
Басталуы - 11:00

Конькимен жүгіру. Масс-старт. Жартылай финал. Ерлер.
Қатысушы - Федор Мезенцев
Басталуы - 17:45

Конькимен жүгіру. Масс-старт. Финал.
Қатысушы - финалға өткендер
Басталуы - 19:00

Категория: Спорт
Сәрсенбі, 14 Ақпан 2018 18:46

Федор Мезенцев

Федор Мезенцев 1989 жылы 19 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген. 1500 метр қашықтықта 2012 жылы өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы кезеңдерінің бірнеше дүркін жүлдегері. 2011 жылғы Азия чемпионаттары мен Азия ойындарының қатысушысы, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2014 жылы Сочидегі Олимпиада ойындарында екі қашықтықта өнер көрсетіп, 33 және 35-ші орындардан көрінді. 2017 жылы Азия ойындарында қола жүлдені иеленді. 

Пхёнчханда ерлер арасында 1500 метрге конькимен жүгіру жарысында бақ сынасқан Федор Мезенцев пен Денис Кузин тек отыздықтан көрінді.

Категория: Спорт