A+ A A-

Дүние жүзі көз тіккен кешенді сын Қазақстан спортының да даму дәрежесін анықтап берді.

Категория: Спорт

Бүгін Оңтүстік Кореяда Олимпиада ойындарының кезекті күні аяқталды. Қазақстандық спортшылар спорттың 3 түрі бойынша қатысып, тағы да жүлделі орынға іліне алмады.

Мәнерлеп сырғанау шебері Элизабет Тұрсынбаева жекелей сайыста 12-орынға жайғасты. Ол қысқа бағдарламада 58,82 ұпай, еркін бағдарламада 118,30 ұпай, қос бағдарлама қорытындысы бойынша 177,12 ұпаймен Пхенчхан Олимпиадасын аяқтады.

Бүгін айдынға шыққан конькишілеріміздің де жолы болмады. 1000 м қашықтықта Қазақстан коньки құрамасынан сынға түскен Денис Кузин 27-орын, Станислав Палкин 29-орын, Федор Мезенцев 33-орынды қанағат тұтты.

Ал биатлоншылар жарысты аяқтай алмады. Максим Браун,  Василий Подкорытов, Владислав Виткенко және Роман Еремин ерлер арасындағы эстафетада  үшінші айналымға келгенде жарыстан шеттетілді.

Бүгінгі жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан бейресми медаль кестесінде 27 орында тұр. Естеріңізге сала кетсек, фристайлдың могул түрінен Юлия Галышева Қазақстан қоржынына бір қола медаль салған болатын.

 

 

Категория: Спорт

Бүгін Пхенчхан Олимпиадасында  мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында жекелей сындар өтіп жатыр. 


Еркін бағдарламада өнер көрсеткен отандасымыз Элизабет Тұрсынбаева қазірше бірінші орында тұр. Негізгі бағдарламасын үздік орындаған Элизабет 118,30 ұпайға ие болды. Қысқа бағдарламасыен қосқанда жалпы - 177, 12. 

Өз бағдарламасын орындап болғанна кейін Элизабет Тұрсынбаева журналистрге демалысқа кететінін айтты. 

«Бойымдағы қобалжуды жеңіп, бағдарлама соңына дейін жоспарлаған элементтерімді орындап, қолымнан келгеніне шын жүректен қуаныштымын. Осы уақытқа дейін ауыр жарақатым болғанын ескерсем, бүгінгі өнеріме жақсы баға қоямын. Шынын айтқанда, жаттығуларымда  мұндай нәтиже болмаған еді»,- дейді Элизабет. «Дәрігерлер маған әуелі демал, содан кейін жалғастырасың.  Әйтпесе, жарақатың асқынып кетуі  мүмкін деген болатын. Сондықтан, Олимпиада ойындары аяқталғаннан кейін демаламын»,-дейді қазақстандық мәнерлеп сырғанау шебері Элизабет Тұрсынбаева. 

 

Категория: Спорт

Ақ Олимпиададағы талас-тартыс жалғасып жатыр.

Категория: Спорт

Бүгін Пхенчхан Олимпиадасында мәнерлеп сырғанау бойынша әйелдер арасында қысқа бағдарламалар өтті. 30 спортшы ішінен 24 спортшы іріктеліп, негізгі бағдарламада өнер көрсетуге жолдама алды. 


Қазақстан сапынан екі мәнерлеп сырғанау шебері қатысып, қызылордалық Элизабет Тұрсынбаева 15-орынмен негізгі бағдарламаға өтті.  Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының оқу-спорт бөлімінің бас маманы Датқабаева Құрмангүл Төлепбергенқызы Элизабеттің бүгінгі өнеріне өз бағасын беріп, басшылық тарапынан спортшыға қойылған талап туралы сөз етті

 «Элизабет бұл бағдарламаға барын салды. Олимпиада алдында ауыр жарақат алуына байланысты, соңғы  жаттығуларын жіберіп алды. Өздеріңіз білетіндей, Олимпиадаға дейін Қазақстанға келіп емделді де, жаттықтырушысы мен командасынан алыста болды. Арадағы алшақтық Олимпиадада кесірін тигізіп, қысқа бағдарламаның бірінші бөлігінде қатеге бой алдырып алды. Ал Элизабеттің негізгі бағдарламасындағы жоспары бүгінгіден екі есе қиын болады. Денсаулығы сыр бермесе, жақсы шығады деп үміттенеміз»,-дейді бас маман.

Элизабет жарыстан кейін журналистерге берген сұхбатында Қазақстандағы мұз айдынының сапасы туралы айтты. Мұнымен келісесіз бе?

Элизабет негізі Канадада жаттығады. Қазақстанда, соның ішінде Қызылордада мұз айдыны заман талабына сай, соңғы техникалық жабдықтармен жабдықталған. Қызылорда облысы негізінен жазғы спорт түрлеріне басты назар аударғанымен, облыс әкімі Көшербаев Қырымбек Елеуұлы бастамасымен қысқы спорт түрлеріне де көңіл бөлініп, қысқы спорт түрлеріне қатысатын спортшыларға үздіксіз қолдау көрсетіп отыр.  Сондықтан, дәл қазір Қызылордадағы мұз айдынды сапасыз дей алмаймын. 

- Басшылық тарапынан Элизабетке қандай жоспар жоспарланды?

Жоспар бойынша Элизабетке 5-орын қойылды.  Алайда, әйелдер арасында бәсеке өте жоғары. Оның үстіне, Элизабеттің алғашқы Олимпиадасы болғандықтан қобалжу да мүмкін. Десе де, алдыңғы қатардан көрінеді деп ойлаймын.

 

Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі қысқа бағдарламада Айза Мамбекова 44,40 ұпаймен жарысты 30-орында аяқтады. Ал Элизабет Тұрсынбаева 57,95 ұпаймен, ТОП-15 спортшы қатарына енді. Қысқа бағдарламаны 15-орынмен аяқтаған Элизабет Тұрсынбаева енді негізгі бағдарламада өнер көрсетеді. Негізгі бағдарламалар 23 ақпанға жоспарланған. 




Категория: Спорт

Бүгін Пхенчхан Олимпиадасында әйелдер арасында мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарлама бойынша жекелей сындар аяқталды. 


Қазақстан сапынан екі мәнерлеп сырғанау шебері айыдынға шығып, өнер көрсетті. Айза Мамбекова қысқа бағдарламада 44,40 ұпаймен жарысты 30-орында аяқтады. Ал Элизабет Тұрсынбаева 57,95 ұпаймен, ТОП-15 спортшы қатарына енді. Қысқа бағдарламаны 15-орынмен аяқтаған Элизабет Тұрсынбаева енді негізгі бағдарламада өнер көрсетеді.

Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша, Олимпиадаға қатысушы Ресей атлеті Алина Загитова 82,90 ұпай көрсеткішімен көш бастап тұр. Екінші орынға оның отандасы 81,62 ұпаймен Евгения Медведова тұрса, үшінші орынға 78,87 ұаймен  канадалық Кэйтлин Осмонд жайғасты. 

Естеріңізге сала кетсек, негізгі бағдарламалар 23 ақпан күні өтеді.  

Категория: Спорт

Пхенчхан Олимпиадасында қыздар арасында мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарлама бойынша жарыстар жалғасып жатыр. 


Мұз айдынына 23-болып өнер көрсеткен қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева қысқа бағдарламада 57,95 ұпай алып, қазірше 8-орынға жайғасты. Отандасымыз қысқа бағдарламада сәтті өнер көрсетіп, еркін бағдарламаға жолдама алды.

Мәнерлеп сырғанау спортының ережесі бойынша, 30 спортшы 24 спортшы еркін бағдарламаға өтеді. 

Еркін бағдарламалар 23 ақпан күні өтеді.

 

Категория: Спорт
Тағы бір спортшы қызымыз Элизабет Тұрсынбаева бүгін мәнерлеп сырғанаудың алғашқы сынынан сәтті өтті.
Категория: Спорт

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының аяқталуына санаулы күндер қалды.


Бүгін Пхенчхан Олимпиадасының кезекті жарыс күнінде спортшылар спорттың 7 түрі бойынша өзара мықтыны анықтайды.  Ал қазақстандық спортшылар соның ішінде спорттың екі түрінен сынға түседі. Атап айтқанда, шаңғышылар мен мәнерлеп сырғанау шеберлері ел намысын қорғамақ.

Назарларыңызға 21 ақпандағы жарыстар кестесін ұсынамыз:

Мәнерлеп сырғанау. Қысқа бағдарлама. Әйелдер.

Қатысушылар – Элизабет Тұрсынбаева, Айза Имамбекова

Басталуы – 07:00

Айза Имамбекованың өнер көрсететін уақыты - 08:08

Элизабет Тұрсынбаеваның өнер көрсететін уақыты - 10:11


Шаңғы жарысы. Командалық спринт. Жартылай финал. Әйелдер.

Қатысушылар – Анна Шевченко, Валерия Тюленова

Басталуы – 14:00


Шаңғы жарысы. Командалық спринт. Жартылай финал. Ерлер.

Қатысушылар – Алексей Полторанин, Денис Волотка

Басталуы – 14:50


Шаңғы жарысы. Командалық спринт. Финал. Әйелдер

Қатысушылар – финалға жолдама алғандар

Басталуы – 16:00


Шаңғы жарысы. Командалық спринт. Финал. Ерлер.

Қатысушылар – финалға жолдама алғандар

Басталуы – 16:30

Естеріңізге сала кетсек, Пхёнчханда Қысқы Олимпиада ойындары өтіп жатыр. 25 ақпанға дейін жалғасатын Олимпиадада спортшылар қысқы спорттың 15 түрі бойынша 102 жүлдені  сарапқа салады. Қазақстан қоржынында бір қола медаль бар. ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарын «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.


Категория: Спорт
Сәрсенбі, 14 Ақпан 2018 10:29

Элизабет Тұрсынбаева

Элизабет Тұрсынбаева  2000 жылы 14 ақпанда Мәскеу қаласында дүниеге келген. II жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (2016 жыл), Қазақстанның төрт дүркін чемпионы (2014-2017 жылдар), 2017 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері. Халықаралық конькишілер одағының 2017 жылдың 29 қазанына тиесілі рейтінгінде 8-ші орында.

Page 1 of 2