A+ A A-

Оңтүстік Кореяда Пхенчхан Олимпиадасының соңғы жарыс күні өтіп жатыр. 


Қазіргі таңда Қазақстан ХХІІІ қысқы  Олимпиадада  бейресми медаль кестесінде 28-орында.  Ел қоржынына салынған бір қола медаль фристайлдың могул түрінен қатысқан Юлия Галышеваға тиесілі. Жалғыз қола иеленген Қазақстанмен қатар, 28-орынды Латвия мен Лихтенштейн құрамалары бөлісіп тұр. Ал медальдар кестесінде көш бастап тұрған команда - Норвегия  құрамасы. Екінші орында Германия, үшінші орынға Канада құрамасы жайғасқан. 

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Пхенчхан Олимпиадасының салтанатты жабылу шарасы өтеді. Астана уақытымен сағат 17:00-де басталатын жылдың ең маңызды шарасын "Хабар" арнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

 

Категория: Спорт

Могулдан Қазақстан құрамасы Пхёнчхандағы Олимпиада ойындарындағы көрсеткен нәтижелерін қорытындылады, - деп хабарлайды Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Категория: Спорт

Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев фристайлшы Юлия Галышеваны Олимпиада ойындарындағы қола медалімен құттықтады. 

Құрметті Юлия!

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті және өз атымнан Сізді Пхенчхандағы XXІІI қысқы Олимпиада ойындарында қол жеткізген керемет жетістігіңізбен құттықтаймын.

Сіздің әлемнің үздік спортшыларымен бірге сынға түсіп, көрсеткен жеңіске деген құштарлығыңыз бен жарқын өнеріңізге миллиондаған қазақстандық куә болды.

Олимпиада ойындарының медалі - талай уақыт жұмсаған жаттығулардың жемісі. Сізді, жаттықтырушыңызды және де осы жетістікке өз үлестерін қосқан бүкіл команданы шын жүректен құттықтаймын.

Сонымен қатар, осындай спортшыны тәрбиелеп, қысқы спортты дамытып жатқан Шығыс Қазақстан облысы мектебіне жеке алғысымды білдіремін.

Сіздің бұл медаліңіз Қазақстан Республикасының олимпиадалық марапаттар тарихында өзіндік орын алатынын сөзсіз.

Сізге тек сәттілік және жеңіс тілеймін!

Құрметпен,
ҚР ҰОК президенті Т. Кұлыбаев

Категория: Спорт