A+ A A-

Бүгін Пхенчхан Олимпиадасында  мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында жекелей сындар өтіп жатыр. 


Еркін бағдарламада өнер көрсеткен отандасымыз Элизабет Тұрсынбаева қазірше бірінші орында тұр. Негізгі бағдарламасын үздік орындаған Элизабет 118,30 ұпайға ие болды. Қысқа бағдарламасыен қосқанда жалпы - 177, 12. 

Өз бағдарламасын орындап болғанна кейін Элизабет Тұрсынбаева журналистрге демалысқа кететінін айтты. 

«Бойымдағы қобалжуды жеңіп, бағдарлама соңына дейін жоспарлаған элементтерімді орындап, қолымнан келгеніне шын жүректен қуаныштымын. Осы уақытқа дейін ауыр жарақатым болғанын ескерсем, бүгінгі өнеріме жақсы баға қоямын. Шынын айтқанда, жаттығуларымда  мұндай нәтиже болмаған еді»,- дейді Элизабет. «Дәрігерлер маған әуелі демал, содан кейін жалғастырасың.  Әйтпесе, жарақатың асқынып кетуі  мүмкін деген болатын. Сондықтан, Олимпиада ойындары аяқталғаннан кейін демаламын»,-дейді қазақстандық мәнерлеп сырғанау шебері Элизабет Тұрсынбаева. 

 

Категория: Спорт

Бүгін Пхенчхан Олимпиадасында әйелдер арасында мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарлама бойынша жекелей сындар аяқталды. 


Қазақстан сапынан екі мәнерлеп сырғанау шебері айыдынға шығып, өнер көрсетті. Айза Мамбекова қысқа бағдарламада 44,40 ұпаймен жарысты 30-орында аяқтады. Ал Элизабет Тұрсынбаева 57,95 ұпаймен, ТОП-15 спортшы қатарына енді. Қысқа бағдарламаны 15-орынмен аяқтаған Элизабет Тұрсынбаева енді негізгі бағдарламада өнер көрсетеді.

Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша, Олимпиадаға қатысушы Ресей атлеті Алина Загитова 82,90 ұпай көрсеткішімен көш бастап тұр. Екінші орынға оның отандасы 81,62 ұпаймен Евгения Медведова тұрса, үшінші орынға 78,87 ұаймен  канадалық Кэйтлин Осмонд жайғасты. 

Естеріңізге сала кетсек, негізгі бағдарламалар 23 ақпан күні өтеді.  

Категория: Спорт

Пхенчхан Олимпиадасында қыздар арасында мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарлама бойынша жарыстар жалғасып жатыр. 


Мұз айдынына 23-болып өнер көрсеткен қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева қысқа бағдарламада 57,95 ұпай алып, қазірше 8-орынға жайғасты. Отандасымыз қысқа бағдарламада сәтті өнер көрсетіп, еркін бағдарламаға жолдама алды.

Мәнерлеп сырғанау спортының ережесі бойынша, 30 спортшы 24 спортшы еркін бағдарламаға өтеді. 

Еркін бағдарламалар 23 ақпан күні өтеді.

 

Категория: Спорт
Тағы бір спортшы қызымыз Элизабет Тұрсынбаева бүгін мәнерлеп сырғанаудың алғашқы сынынан сәтті өтті.
Категория: Спорт

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының аяқталуына санаулы күндер қалды.


Бүгін Пхенчхан Олимпиадасының кезекті жарыс күнінде спортшылар спорттың 7 түрі бойынша өзара мықтыны анықтайды.  Ал қазақстандық спортшылар соның ішінде спорттың екі түрінен сынға түседі. Атап айтқанда, шаңғышылар мен мәнерлеп сырғанау шеберлері ел намысын қорғамақ.

Назарларыңызға 21 ақпандағы жарыстар кестесін ұсынамыз:

Мәнерлеп сырғанау. Қысқа бағдарлама. Әйелдер.

Қатысушылар – Элизабет Тұрсынбаева, Айза Имамбекова

Басталуы – 07:00

Айза Имамбекованың өнер көрсететін уақыты - 08:08

Элизабет Тұрсынбаеваның өнер көрсететін уақыты - 10:11


Шаңғы жарысы. Командалық спринт. Жартылай финал. Әйелдер.

Қатысушылар – Анна Шевченко, Валерия Тюленова

Басталуы – 14:00


Шаңғы жарысы. Командалық спринт. Жартылай финал. Ерлер.

Қатысушылар – Алексей Полторанин, Денис Волотка

Басталуы – 14:50


Шаңғы жарысы. Командалық спринт. Финал. Әйелдер

Қатысушылар – финалға жолдама алғандар

Басталуы – 16:00


Шаңғы жарысы. Командалық спринт. Финал. Ерлер.

Қатысушылар – финалға жолдама алғандар

Басталуы – 16:30

Естеріңізге сала кетсек, Пхёнчханда Қысқы Олимпиада ойындары өтіп жатыр. 25 ақпанға дейін жалғасатын Олимпиадада спортшылар қысқы спорттың 15 түрі бойынша 102 жүлдені  сарапқа салады. Қазақстан қоржынында бір қола медаль бар. ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарын «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.


Категория: Спорт

«Кедергілердің үлкендігі соншалық, оған төтеп  берудің өзі қиынға соғады кейде. Бірақ біз үйренуіміз керек, күш-жігеріміз арта түсуі қажет. Тынымсыз еңбектеніп, өз-өзіңе деген сенімді жоғалтпауымыз керек. Тура осылай жасайықшы», – деді ол твиттердегі парақшасында.

Категория: Спорт

Бүгін Пхенчхан Олимпиадасында мәнерлеп сырғанау бойынша ерлер арасында қысқа бағдарламалар аяқталды.


Ерлер арасындағы жекелей сынға Қазақстан құрамасынан Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен қатысты. Денис Тен 30 спортшы ішінде 70,12 ұпаймен 27-ші орынға жайғасып, негізгі бағдарламаға өте алмады. Спорт комментаторы Лилиана Әлжанова мәнерлеп сырғанау спортының жанкүйерлері Денистің бүгінгі қойылымы осындай бағаға ие боларын сездік дейді. 

Олимпиада кезінде, оған дейін де Денисті қысқа бағдарламадан өтпей қалуы мүмкін деп ойладық. Бұған себеп – оның жарақаты. Соның салдарынан Гран При мен халықаралық басқа да жарыстарда жолы болмай жүрді. Олимпиада басталарда Денистің қарсыластары, 29 мәнерлеп сырғанау шеберлерінің осы маусымдағы көрсеткіштерін, қойылымдарын мұқият бақылап, Дениске жарақатымен мұзға шығу, жүлдегерлер қатарынан көрінуі қиын болатынан іштей болжадық, - дейді спорт комментаторы.

- Денис Теннің тренері Фрэнк Керрол дүние жүзіне белгілі өте мықты маман. Жасы сексенге келсе де осы жолда тек Денис үшін бапкер болып жүр. Денис Тенді өте қатты жақсы көретінін бірнеше жыл бұрын сұхбатында айтқан болатын: «Денис Тен мен Грейси Голдтан кейін ешкімді шәкірттікке алмаймын. Осы спортшылар карьераларын аяқтағанша қастарында боламын. Осы спортшылар карьерасын аяқтағанда, мен де бапкерлік жұмысымды тоқтатамын. Денисті өтте қатты жақсы көремін» деген еді.

- Қалай ойлайсыз, Денис Тен осыдан кейін карьерасын тоқтатуы мүмкін ба?

Бұған дейін тоқтатады деп ойладым. Бірақ, бүгінгі сұхбатында «мүмкін...» деп айтты ғой. Сондықтан да жарақатын емдеп, 1 жылға кетуі мүмкін.

- Ал қыздарымыздан Элизабет Тұрсынбаева қалай өнер көрсетеді деп ойлайсыз?

Қыздарымызға келетін болсақ, Элизабет Тұрсынбаева үздік 10-дыққа ілінсе, қуануымыз керек. Себебі, топта рейтингте көш бастап тұрған Ресей қыздары Евгения Медведова, Мария Сотскова, Алина Загитова, жапон қыздары Сатоко Мияхара, Каори Сакамото, канадалық Осмонд Кэйтлин, АҚШ өкілі Мирай Нагасу бар. Оның үстіне, Элизабет Тұрсынбаеваның да жарақаты бар. Сондықтан ол төртқұрлық Чемпионатында өзінің дәрежесінде өнер көрсете алған жоқ. Жарақаты үлкен жарыста кесірін тигізе ма деп қорқамын.

- Мәнерлеп сырғанау бойынша қатысатын екінші қызымыз Айза Имамбекова бабында деп ойлайсыз ба?

Айза Имамбекованың аяғын сындырып алып, 1 ай гипсте жүргенін ескерсек, Айзаға да Денис сияқты жақсы өнер көрсету қиын болады. Қыздарымыз 10-15 қатарларға іліксе, жанкүйерлер үшін өте керемет сыйлық болар еді. Айтпақшы, екі қызымыздың да алғашқы Олимпиадасы екенін ескерсек,  оларда қаболжу болуы әбден мүмкін.

- Тұщымды жауаптарыңызға рақмет, Лилиана! 

 

Категория: Спорт

Қазақстандық мәнерлеп сырғанау шебері, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен туралы фильм шықты.


«Olympic Channel» түсірген фильмде Денистің спорттағы жолы, мұз айдыннан тыс өмірі, Қазақстан деген алып елдің әлемдік мәнерлеп сырғанау картасындағы орны туралы айтылған.  

- Менің атам генерал болды. Ол Кореяның тәуелсіздігі үшін күресіп, отанын қорғау үшін барын салған азаматтар қатарында болды. Атамның туған жеріне, отандастарының алдында өнер көрсетемін. Пхенчхан Олимпиадасында маған артылған үміт пен мақсат басқаша. Жауапкершілігі өте ауыр сын болмақ,- дейді Денис Тен фильмде. 

Естеріңізге сала кетейік, Денис Тен Пхенчхан Олимпиадасында 16 ақпан күні мәнерлерп сырғанаудың  жекелей сыны бойынша өнер көрсетеді. 2018 жылғы өтіп жатқан Олимпиада ойындары отандасымыз қатысатын үшінші Олимпиада. Ол 2010 жылы Ванкуверде, 2014 жылы Сочиде өткен Олимпиада ойындарына қатысты. Сочиде өткен ХХІІ Қысқы Олимпиада ойындарында Денис Тен қола жүлдегер атанған болатын. 

 

Категория: Спорт
Сәрсенбі, 14 Ақпан 2018 10:34

Денис Тен

Денис Тен 1993 жылы 13 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. 2014 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. 2013 жылғы Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2015 жылы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2015 жылы төрт құрлық чемпионатының чемпионы, VII Қысқы Азия ойындарының чемпионы, ISU ұйымдастыруымен өткен түрлі турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы, Қазақстанның бес дүркін жеңімпазы. Халықаралық конькишілер одағының 2017 жылғы ақпан айына тиесілі рейтингте 9-шы орынға тұрақтаған. 

Бүгін Пхенчханда ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудан канадалық Патрик Чан 179,75 ұпай жинап, қарсыластарынан оқ бойы озды.

Категория: Спорт
Page 1 of 2