A+ A A-

Ертең – XXIII Қысқы Олимпиада ойындарының соңғы күні.

Категория: Спорт

Оңтүстік Корея төріндегі XXIII Қысқы Олимпиада ойындары ертең аяқталады.

Категория: Спорт

Пхёнчхандағы Қысқы Олимпиада ойындарында еліміздің басты үміті саналған Алексей Полторанин 50 шақырымдық масс-старт сынында өкінішке қарай, жүлделі орыннан көріне алмады.

Категория: Спорт

Бүгін Пхенчхан Олимпиадасында ерлер арасында шаңғыдан  50 км қашықтықта марафон өтті. 


Аталмыш жарысқа Қазақстан құрамасынан 3 шаңғышы қатысып, үшеуі де жүлдегерлер қатарынан көріне алмады. Алексей Полторанин 15-ші болып мәре сызығын кессе, Евгений Величко-39, Виталий Пухкало 52-орынмен жарысты сәтсіз аяқтады. 

Сайыс аяқталғаннан кейін Алексей Полторанин журналистерге әсерімен бөлісіп, жарыстағы жағдайы туралы пікір білдірді.

"Не болғанын білмеймін... Жүгірдім, барлығы жақсы болған, күшім де болды. Мен жарысты бастағанда екінші немесе үшінші орын туралы ойламадым. Жеңіс немесе жеңіліс деген екі ғана жол болды. Түбінде, жеңіліс болған екен", - дейді шаңғышы Алексей Полторанин. 

 

Категория: Спорт

Пхенчхан Олимпиадасы шарықтау шегіне жетті.

Категория: Спорт

Пхенчхан Олимпиадасында шаңғышылар арасында командалық спринт бойынша жартылай финал аяқталды.


Қазақстан әйелдер құрамасы жартылай финалдық бәсекеде 10-орынға жайғасып, Пхенчхан Олимпиадасын сәтсіз аяқтады. Шаңғыдан Қазақстан әйелдер сапында қатысқан Валерия Тюленева: «Спринттегі шамамыз осы», – деп, жеңілісін мойындады.

«Анна екеуіміз қолымыздан келген нәтижені көрсеттік. Біздің қазіргі шамамыз осы. Спринт бізге қолайлы жарыс емес. Ұзақ қашықтықта жақсы сезінеміз. Алғашқы Олимпиадам болғаннан кейін қобалжу да болды», – деді «Хабар» арнасының тілшісіне берген сұхбатында Валерия Тюленева.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін шаңғыдан командалық спринт бойынша жартылай финалдар өтті. Өкінішке қарай, Қазақстан ерлер мен әйелдер құрамасы финалға өте алмады.

Категория: Спорт

Бүгін Пхенчхан Олимпиадасында шаңғы спортынан  10 км қашықтықта ерлер арасында эстафета сындары аяқталды.


Бүгін топта лидер саналған Алексей Полторанин өз мүмкіндігін сәтті пайдаланғанымен, командаластары лидерлікті сақтай алмады. Алексей Полторанин енді өзін Пхенчхан Олимпиадасында тағы бір рет сынайды. Атап айтқанда, ол еркін әдіспен 50 км қашықтықты бағындыруға дайындалады. Ерлер арасында 50 км қашықтықтағы масс-старт 24 ақпанға жоспарланған. Букмекерлік кеңселер мен атақты спорт басылымдары Алексей Полторанинді үздіктер қатарында көреткен. Нақтыласақ, Америкалық Sport illustrated спорт порталының нақты болжамынша, отандасымыз Алексей Полторанин 50 километрлік масс-стартта Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері атануы мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін шаңғы жарысынан ерлер арасында эстафетаны Қазақстан құрамасы 8-орынмен аяқтады. Команда лидері саналған Алексей Полторанин мәреге бірінші жеткенімен, командаластары Евгений Величко бесінші, Виталий Пухкало, Денис Волотка эстафетаны сегізінші болып аяқтап, Қазақстан жүлдесіз қалды.  


Категория: Спорт
Жексенбі, 18 Ақпан 2018 02:40

18 ақпан кімге жанкүйер боламыз?

ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күні басталды.


Бүгін қазақстандық спортшылар спорттың 3 түрі бойынша бақтарын сынап, ел намысын қорғайды. Атап айтқанда, тау шаңғысынан Игорь Закурдаев жарыс күнін ашып берсе, шаңғы жарысынан ерлер құрамасы эстафетаға қатысады. Бұрымды спортшыларымыздан жарыс жолына бүгін Екатерина Айдова 500 м қашықтықты бағындыруға шығады. Қазақстандық спортышлар қатысатын жарыстар кестесі толығымен мынадай болмақ:

Тау шаңғысы. Алып слалом. Бірінші ұмтылыс. Ерлер

Қатысушы – Игорь Закурдаев

Басталуы – 07:15

Екінші ұмтылыс – 10:45

Шаңғы жарысы. Эстафета. Ерлер.

Қатысушылар – Қазақстан ерлер құрамасы: Алексей Полторанин, Виталий Пухкало, Евгений Величко, Денис Волотка

Басталуы – 12:15


Конькимен жүгіру. 500 м. Әйелдер

ҚатысушыЕкатерина Айдова

Басталуы – 17:56

Естеріңізге сала кетсек, Пхёнчханда Қысқы Олимпиада ойындары өтіп жатыр. 25 ақпанға дейін жалғасатын Олимпиадада спортшылар қысқы спорттың 15 түрі бойынша 102 жүлдені сарапқа салады. Қазақстан құрамасы Юлия Галышева жеңіп алған бір қола медальмен бейресми жалпы медаль кестесінде 23-орында тұр. ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарын «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

 

 

Категория: Спорт

Бүгін Олимпиаданың 7-ші жарыс күні және Пхёнчхан төрінде кезекті медальдар жиынтығы сарапқа салынып жатыр.

Категория: Спорт
Сәрсенбі, 14 Ақпан 2018 11:17

Валерия Тюленева

Валерия Тюленева 1997 жылы 27 қыркүйек күні Щучинск қаласында дүниеге келген. Шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының спорт шебері. ҚР қыздар чемпионатының жүлдегері. 2015 жылғы шаңғы жарысынан U23 андерлер мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қатысушысы. 

Категория: Шаңғы жарысы