A+ A A-

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан ақ Олимпиадада қазақстандық шорт-трекші Абзал Әжғалиев финалға шыға алмады. 


Ерлер арасында 500 м қашықтықта сайысқа түскен отандасымыз Абзал Әжғалиев  жартылай финалды өз тобында 5-орынмен аяқтап, Пхенчхан Олимпиадасын жүлдесіз аяқтады. 

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық шорт-трекшілер 5000 м қашықтықтағы жұбаныш финалына қатысады. Бұл қашықтықтағы сындар бүгін Астана уақытымен 17:52-де басталады. 



Категория: Спорт
Сейсенбі, 20 Ақпан 2018 16:05

Шорт-трекші қыздар финалға өтпеді

Оңтүсік Кореяда өтіп жатқан Пхенчхан Олимпиадасында шорт-трек спорты бойынша жарыстар жалғасып жатыр. 

Бүгін шорт-тректен әйелдер арасында 1000 м  қашықтықта сайыстар басталды. Аталмыш сынға Қазақстан сапынан 2 шорт-трекші қатысып, өкінішке қарай, екеуі де іріктеу кезеңнінен өтпеді. 

Айдынға екінші топта шыққан Анастасия Крестова 1 000 м қашықтықты 1:31,557 уақытта бағындырып, өз тобында 3-орынға жайғасты. Сондай-ақ, қазақстандық екінші спортшы Йонг Ким А да өз тобында 3-орынға тұрақтап, жарыстың финалдық кезеңдеріне жолдама ала алмады. 

Шорт-трек спортының ережесі бойынша, әр топтан 1 және 2 орындарда тұрған спортшылар жартылай финалға, финалға жолдама алып отырады.

 

 

Категория: Спорт

ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының 11-күнінде спортшылар спорттың 8 түрі бойынша сынға түседі.


Оның ішінде спорттың 5 түрінен медальдар ойнатылады. Ал қазақстандық спортшылар екі спорт түрінен ел намысын қорғайтын болады. Назарларыңызға 20 ақпанда қазақстандықтар қатысатын жарыс кестесін ұсынамыз: 


Шорт-трек. 1000 м. Іріктеу кезеңдері. Әйелдер.

Қатысушылар – Анастасия Крестова, Йонг А Ким

Басталуы – 20:00

 

Шорт-трек. 500 метров. Іріктеу кезеңдері. Ерлер.

Қатысушылар – Денис Никиша, Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжғалиев

Басталуы – 16:45


Биатлон. Аралас эстфета.

Қатысушылар – Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасы

Басталуы – 17:15

Естеріңізге сала кетсек, Пхёнчханда Қысқы Олимпиада ойындары өтіп жатыр. 25 ақпанға дейін жалғасатын Олимпиадада спортшылар қысқы спорттың 15 түрі бойынша 102 жүлдені  сарапқа салады. Қазақстан қоржынында бір қола медаль бар. ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарын «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

 



Категория: Спорт

Бүгін Пхенчхан Олимпиадасында әйелдер арасында шорт-трек бойынша іріктеу кезеңдері өтуде.

Категория: Спорт

Бүгін, 17 ақпан Пхенчхан Олимпиадасында әйелдер арасында шорт-трек бойынша іріктеу кезеңдері өтіп жатыр.


1500 м қашықтықты 2:29,875 уақытта бағындырған  қазақстандық Ионг Ким бірінші іріктеу кезеңінен-ақ Олимпиада ойындарымен қоштасты. Ол өз тобында 4-ші орынға табан тіреп, финалға өте алмады. Дәл осы сынға қатысқан екінші спортшымыз Анастасия Крестова айдында сәтсіздікке ұшырап, жарысты аяқтай алмады. 

Шорт-трек спортының ережесі бойынша, әр топтан 3  спортшыға келесі кезеңге жолдама беріліп отырады. 

Категория: Спорт

17 ақпан күні  ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының сегізінші жарыс күндері басталды.


Қазақстандық 8 спортшы 17 ақпанда спорттың 4 түрі бойынша жарысқа қатысады. Жарыс кестесі келесідей: 

Шаңғы жарысы. Эстафета. 4×5 км. Әйелдер

Қатысушылар – Елена Коломина, Анна Шевченко, Валерия Тюленова, Дарья Климина

Басталуы – 15:30

 

Шорт-трек. Іріктеу кезеңі. Әйелдер

Қатысушылар – Анастасия Крестова, Ионг А Ким

Басталуы – 16:00

 

Фристайл. Акробатика. Іріктеу кезеңі. Ерлер.

Қатысушы – Ильдар Дабрутдинов

Басталуы – 17:00


Шорт-трек. 15 м. Әйелдер. Жартылай финал/финалдар

Қатысушылар - *іріктеу кезеңінен өткен спортшылар

Басталуы – 17:13, финал – 18:05

 

Шаңғымен трамплиннен секіру. Үлкен трампли. Бірінші раунд. Ерлер

Қатысушы – Сергей Такченко

Басталуы – 18:30, финал – 19:30

Естеріңізге сала кетсек, Пхёнчханда Қысқы Олимпиада ойындары өтіп жатыр. 25 ақпанға дейін жалғасатын Олимпиадада спортшылар қысқы спорттың 15 түрі бойынша 102 жүлдені  сарапқа салады. Қазақстан қоржынында бір қола медаль бар. ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарын «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

 

Категория: Спорт

Каннын мұз айдынында бақ сынаған шорт-трек шеберлері іріктеуден өтпей қалды.

Категория: Спорт

ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында шорт трек бойынша ерлер арасында 1000 метр қашықтықта іріктеу кезеңдері өтіп жатыр. Қазақстан сапынан шыққан спортшы Нұрберген Жұмағазиев 1000 метрді өз тобында 1:24.271 көрсеткішімен 4-ші орында аяқтады. Өз тобында соңғы орын алған отандасымыз келесі айналымға өте алмады. 

* Шорт трек спортының ережесі бойынша келесі айналымға бір топтан  1-ші және 2-ші алған спортшылар өтеді. 

Категория: Спорт

Пхёнчхан Олимпиадасында әйелдер арасында 500 м қашықтықта іріктеу кезеңдері аяқталды. Қазақстандық шорт-трекші Анастасия Крестова өз тобында жарысты соңғы орынмен аяқтап, жартылай финалдық жолдаманы уысынан шығарып алды. Крестованың тобында қытайлық Кексин Фан мәреге бірінші жетсе, АҚШ спортшысы Биней Маами екінші, Оңтүстік Кореялық шорт-трекшіЭланг Ким үшінші орынмен жартылай финалға өтті. 

Естеріңізге сала кетсек, 9 ақпан күні Пхёнчханда Қысқы Олимпиада ойындары басталды. 25 ақпанға дейін жалғасатын Олимпиадада спортшылар қысқы спорттың 15 түрі бойынша 102 медальді сарапқа салады. Қазақстандық 46 спортшы спорттың 9 түрі бойынша сынға түседі. ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарын «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Категория: Спорт

Қысқы Олимпиада ойындарында шорт-трек жарысынан жерлестеріміз Нұрберген Жұмағазиев пен Денис Никиша 1,5 шақырым қашықтық квалификациясынан өте алмады.

Категория: Спорт