A+ A A-

Қысқы Олимпиада ойындарының аяқталуына 3 күн қалды.

Категория: Спорт

Бүгін Пхенчханда биатлонның  эстафетасы бойынша  мықты командалар анықталды.


Ең үздік көрсеткішпен жарысты бірінші болып аяқтаған Белорусь құрамасы Олимпиада Чемпионы атанды. Пхенчхан Олимпиадасының Чемпионы атанған команда сапында Алимбекова Динара есімді этникалық қазақ қызы барын айтқан едік.

Жарыс аяқталғаннан кейін "Хабар" тілшілері Динараның Қазақстан туралы пікірін сұрады.

"Мен осыған әріптестеріңізге айтқанымдай, 3 жасымда отбасымызбен бірге Белоруссияға көшіп келдім. Биатлонмен Белоруссияда таныстым, Белоруссияда биатлонмен айналысамын. Сондықтан Белоруссия атынан жарыстарға шығуым заңдылық", - дейді белоруссиялық биатлоншы Динара.

"Қазақстанға қандай қатысың бар?" деп сұраған журналистер сауалына Динара "Қазақстанда туылдым. Болды", - деп қысқа жауап қайырды.

Естеріңізге сала кетсек, Пхенчханда ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары өтіп жатыр. 25 ақпанға дейін жалғасатын байрақты бәсекені "Хабар" арнасы тікелей эфирде көрсетуде. 

Категория: Спорт

Бүгін Пхенчхан Олимпиадасында биатлоннан әйелдер арасында эстафета өз мәресіне жетті. 


Әйелдер арасында Белорусь құрамасы үздік атанып, Пхенчхан Олимпиадасының алтынына ие болды. Эстафета бойынша Чемпион атанған құрама сапында қазақ қызы Динара Алимбекова қатысты. 

Динара Әлімбекова (Алимбекова) - 1996 жылы Қарағанды облысы, Абай ауданында дүниеге келген. Әкесі - қазақ. Шешесі - белорусь. Үш жасқа келгенде Қазақстаннан Белоруссияға қоныс аударған. 

Шаңғы спортынан бастаған Динара, 2008 жылдан бері биатлонмен айналысып келеді. Жаөспірімдер арасында Әлем Чемпионы атағы бар.  

Естеріңізге сала кетсек, биатлонның эстафета түрі бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы Пхенчхан Олимпиадасын 14-орынмен аяқтаған болатын.

Категория: Спорт

Пхёнчханда ерлер арасында өткен шаңғы эстафетасында отандық құрама сегізінші нәтиже көрсетті.

Категория: Спорт

«Хабар» телеарнасының бастамасымен «Біздің олимпиадашыларды қолда!» атты эстафета жүріп жатыр.

Категория: Спорт
Жексенбі, 18 Ақпан 2018 02:40

18 ақпан кімге жанкүйер боламыз?

ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күні басталды.


Бүгін қазақстандық спортшылар спорттың 3 түрі бойынша бақтарын сынап, ел намысын қорғайды. Атап айтқанда, тау шаңғысынан Игорь Закурдаев жарыс күнін ашып берсе, шаңғы жарысынан ерлер құрамасы эстафетаға қатысады. Бұрымды спортшыларымыздан жарыс жолына бүгін Екатерина Айдова 500 м қашықтықты бағындыруға шығады. Қазақстандық спортышлар қатысатын жарыстар кестесі толығымен мынадай болмақ:

Тау шаңғысы. Алып слалом. Бірінші ұмтылыс. Ерлер

Қатысушы – Игорь Закурдаев

Басталуы – 07:15

Екінші ұмтылыс – 10:45

Шаңғы жарысы. Эстафета. Ерлер.

Қатысушылар – Қазақстан ерлер құрамасы: Алексей Полторанин, Виталий Пухкало, Евгений Величко, Денис Волотка

Басталуы – 12:15


Конькимен жүгіру. 500 м. Әйелдер

ҚатысушыЕкатерина Айдова

Басталуы – 17:56

Естеріңізге сала кетсек, Пхёнчханда Қысқы Олимпиада ойындары өтіп жатыр. 25 ақпанға дейін жалғасатын Олимпиадада спортшылар қысқы спорттың 15 түрі бойынша 102 жүлдені сарапқа салады. Қазақстан құрамасы Юлия Галышева жеңіп алған бір қола медальмен бейресми жалпы медаль кестесінде 23-орында тұр. ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарын «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

 

 

Категория: Спорт