A+ A A-

Қазақстандық паралимпиадашылар елге оралды. Оларды жанкүйерлері мен отандастарымыз Астанадағы Назарбаев халықаралық әуежайында қарсы алды. 

Категория: Спорт

Қысқы Олимпиада ойындарының жалпыкомандалық есебі бойынша Норвегия құрамасы көш бастап тұр.

Категория: Спорт

Бүгін Пхенчханда өтіп жатқан ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күні аяқталды. Олимпиаданың 7-күнінде қазақстандық спортшылар спорттың 3 түрі бойынша бақтарын сынап, тағы да жүлдесіз қалды. 


Медальға үмітті спортшылардың бірі Денис Тен қысқа бағдарламада аз ұпай жинап, негізгі кезеңге өте алмады. Қысқа бағдарламада 70,12 ұпаймен жарысты 30 спортшы ішінде 27-орынмен аяқтады. Жарыс аяқталысымен Денис Тен «Хабар» тілшілеріне берген сұхбатында Пхенчхан Олимпиадасына дейін жарақаты мазалағанын айтқан болатын.

«Осы Олимпиадада қатысуымның өзі – мен үшін жетістік. Себебі Пхёнчханға дейін көп жарақатым болды. Соңғы бірнеше айдан бері аяғымның ауырғанынан дұрыс ұйықтай алмай жүрмін. Бірақ соған қарамай осында келдім. Бұл Олимпиаданы асыға күттім. Сочиден кейін спорттан кету туралы ойым болған еді. Енді міне Кореяда жүрмін, келгеніме қуаныштымын. Бүгін жақсы өнер көрсете алмадым. Қазақстан құрамасының спортшыларына сәттілік тілеймін!

Мен спорттағы ғұмырымды осылай аяқтағым келмейді. Мен әлі өз жанкүйерлерімді қуантамын.  Кореяда мені жанкүйерлер жылы қарсы алады. Менің менеджментіммен кореялық компания айналысады. Киетін костюмімді кореялық дизайнер тікті. Әрине, Корея – ерекше мемлекет. Алайда мен өзімнің қайда туғанымды, өскен отанымды ұмытпаймын. Менің қаным кәріс ұлтынан болғанымен, мен алматылықпын, өзімді өмір бойы қазақстандық санаймын.  Мен ерекші бағдарламаны дайындап, Олимпиадада көрсеткім келді. Қысқа бағдарламада классикалық сипат басым болса, бұл жолы өзгеше қойылыммен шықтым. Жарақат бар мүмкіндігімді көрсетуге кедергі келтіреді», - дейді Денис Тен Олимпиададан кейін.

Спорт жұлдыздары мен спорт жанкүйерлері Денис Тенге қолдау білдіріп, оның бүгінгі бағдарламадағы өнерін қызу талқылап жатыр. Денис Теннің жанкүйерлері спортшының ауыр жарақатына байланысты осындай нәтиже боларын білген едік дейді.

Тау шаңғысы бойынша ел намысын қорғап жүрген жалғыз отандасымыз Игорь Закурдаевтың бүгін де жолы болмады. Ол слаломда  1:29,96 көрсеткішімен 55 спортшы ішінде 41-орынға жайғасты. 

Әйелдер арасында тау шаңғысы спортының слалом дипсциплинасы бойынша отандасымыз Мария Григорова  сынға түсті. Ол бүгін бірінші талпынысында 54-орын алса, екінші талпынысында жарысты 51-орынмен аяқтады.

Ерлер арасында шаңғы спорты бойынша Қазақстан құрамасынан Виталий Пухкало, Евгений Величко, Денис Волотка жарыс жолына шықты. Еркін әдіспен 15 км қашықтықты Виталий Пухкало 36:57.4 уақытта бағындырып, 118 спортшы ішінде  54-орынға тұрақтады. Ал Евгений Величко (37:28.6)  61-орын алса,  Денис Волотка (37:39.8) 64-орыннан көрінді.

Пхенчхан Олимпиадасында осы күнге дейінгі жарыс нәтижесі бойынша Қазақстан бір қола медальмен 21-орынға түсті. 

Категория: Спорт

Бүгін Пхенчхан олимпиадасында ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудың жекелей сындарының жеребесі тартылды.


Жеребе нәтижесі бойынша, қазақстандық атлет Денис Тен бірінші топта 4-ші болып  мұзға шығады. Ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудың  жекелей сындары 16 ақпан күні Астана уақытымен сағат таңғы 7:00-де басталады. Отандасымыз Денис Тен 4-ші нөмер болғандықтан сағат 7:27-де өнерін көрсетеді.

Естеріңізге сала кетсек, Пхёнчханда Қысқы Олимпиада ойындары өтіп жатыр. 25 ақпанға дейін жалғасатын Олимпиадада спортшылар қысқы спорттың 15 түрі бойынша 102 жүлдені  сарапқа салады. Қазақстан қоржынында бір қола медаль бар. ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарын «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Категория: Спорт

Каннын мұз айдынында бақ сынаған шорт-трек шеберлері іріктеуден өтпей қалды.

Категория: Спорт

ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында бүгін шаңғы спорты бойынша спринтерлік сайыстары өтіп жатыр. Ерлер арасында ширек финал аяқталып, жартылай финалға жолддамалар беріле бастады. 

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин (3: 12,60) іріктеу кезеңінде үздіктер қатарында табылғанымен, ақтық сында сүрінді. Ол ширек финалда мәреге 4-ші келіп, жартылай финалдық жолдаманы уысынан шығарып алды. 

Шаңғы спортының спринт бәсекесінде осымен екінші қазақстандық спортшы ширек финалдан жарысты аяқтап отыр. Әйелдер арасында сынға түскен Анна Шевченконың өз тобнда соңғы орынмен жарысты аяқтағанын айтқан болатынбыз. 

Категория: Спорт

Могулдан Қазақстан құрамасы Пхёнчхандағы Олимпиада ойындарындағы көрсеткен нәтижелерін қорытындылады, - деп хабарлайды Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Категория: Спорт

Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышева келесі Олимпиадада алтын алуға үмітті. Бұл туралы қазақстандық спортшы халықаралық шаңғы спорты федерациясының ресми сайтына берген сұхбатында айтты.

Мен 11-ші, 7-ш орындарда болдым, 3-ші орында да болдым. Сондықтан келесі меже бірінші орын болады. Бұл менің Олимпиададағы алғашқы жүлдем болғанымен, соңғысы емес! – дейді, Юлия Галышева.

Фристайлдан Қазақстан құрамасының бапкері Елена Круглыхина да шәкірті уәдесін орындайтынына сенімді. "Не айтқанын оқыдыңыздар ғой, демек айтқанын орындайды!" дейді әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Қазақстандық могулшы Юлия Галышева өзінің үшінші Олимпиадасында қола жүлдеге қол жеткізді. Ол 2010 жылы Ванкурде 11-ші орында, 2014 жылы Сочиде өткен Олимпиадада 7-ші орынмен жарысты аяқтаған болатын.

Айта кетерлігі, Юлия Галышева Олимпиада тарихында фристайл спорты бойынша жүлде алған алғашқы қазақстандық спортшы. Ол 11 ақпан күні фристайлдың могул түрінен қола жүлдеге ие болып, Пхенчхан Олимпиадасында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салды. 


Категория: Спорт

Пхенчханда өтіп жатқан ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіру бойынша сайыстар басталды.  Әйелдер арасында 1500 м қашықтықта бағын сынаған Екатерина Айдова 27 спортшы ішінде 18-інші  орынға тұрақтады.

Категория: Спорт

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық биатлоншы Роман Еремин 12.5 км қашықтықта із кесуде 52-ші орынға тұрақтады.

Отандасымыз  нысанаға атуда 8 рет  /2-1-2-3/мүлт кетіп,  38: 51,1 көрсеткішімен жарысты 52-ші орынмен аяқтады.

Аталмыш спорт түрінен француз Мартин Фуркад алтын медальға ие болды. Фуркад Олимпиаданың үш дүркін чемпионы атанып, өзінің мықты екенін дәлелдеді. Екінші орыннан Себастьян Самауэл (Швеция) көрінсе, Германия спортшысы Долл Бендекит қоланы қанағат тұтты.

Айта кетерлігі, бүгін әйелдер арасында биатлонның із кесу жарысын қазақстандық Галина Вишневская 20-шы, Дарья Климина 57-ші орынмен аяқтаған болатын.

 

 

Категория: Спорт
Page 1 of 3