A+ A A-
Сенбі, 24 Ақпан 2018 18:09

Қысқы Олимпиада ойындарының жалпыкомандалық есебі бойынша Норвегия құрамасы көш бастап тұр.

Бұл елдің қоржынында 13 алтын, 14 күміс және 11 қола медаль бар. Екінші орында – Германия спортшылары. Оларды өкшелеп келе жатқан Канада командасында 11 алтын бар. Ал әзірге тек қоланы қоржынға салған Қазақстан Лихтенштейн және Латвия  елімен бірге 27-ші орында келеді.

Сенбі, 24 Ақпан 2018 15:25

Пхёнчхандағы Қысқы Олимпиада ойындарында еліміздің басты үміті саналған Алексей Полторанин 50 шақырымдық масс-старт сынында өкінішке қарай, жүлделі орыннан көріне алмады.

Классикалық жарыстың ортасына дейін үздік үштікте келген жерлесіміз соңғы 10 шақырымында бастапқы қарқынын жоғалтып алды. Осылайша 70 спортшы арасында тек 15-ші нәтиже көрсетті.

Тағы үш отандасымыз Евгений Величко, Виталий Пухкало мен Денис Волотка да даралана алмады. Бұл бәсекеде фин спортшысы Ийво Нисканеннің бағы жанды. Ол 2 сағат 8 секундта мәреге жетті. Күміс пен қола Ресей елінен барған қос атлет Александр Бальшунов пен Андрей Ларьковтың еншісінде.

Айта кетейік, кешкі сағат 17:30-да конькимен жүгіруден қазақстандық Федор Мезенцев мұз айдынында бағын сынайды. Отандық спортшылардың қатысуымен өтетін өзге де жарыстарды «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетуде. Спорттық бәсекелердің жалпы кестесімен «Хабар 24» және «Хабар» арнасының сайттары арқылы таныса аласыздар.

Алексей Полторанин, Шаңғы жарысынан Қазақстан құрамасының мүшесі:

- Мен жарыс жолына жүлделі орыннан көрінемін деп шықтым. Мәселе шаңғыда да емес. Өкінішке қарай, бұл сында қарқын жетіспей, жолым болмады. Баяу болғанымды мойындаймын.

Сенбі, 24 Ақпан 2018 14:48

Бүгін Пхенчхан Олимпиадасында ерлер арасында шаңғыдан  50 км қашықтықта марафон өтті. 


Аталмыш жарысқа Қазақстан құрамасынан 3 шаңғышы қатысып, үшеуі де жүлдегерлер қатарынан көріне алмады. Алексей Полторанин 15-ші болып мәре сызығын кессе, Евгений Величко-39, Виталий Пухкало 52-орынмен жарысты сәтсіз аяқтады. 

Сайыс аяқталғаннан кейін Алексей Полторанин журналистерге әсерімен бөлісіп, жарыстағы жағдайы туралы пікір білдірді.

"Не болғанын білмеймін... Жүгірдім, барлығы жақсы болған, күшім де болды. Мен жарысты бастағанда екінші немесе үшінші орын туралы ойламадым. Жеңіс немесе жеңіліс деген екі ғана жол болды. Түбінде, жеңіліс болған екен", - дейді шаңғышы Алексей Полторанин.