A+ A A-
Дүйсенбі, 26 Ақпан 2018 07:17
Жексенбі, 25 Ақпан 2018 19:00

Әлем назарын өзіне аударған Пхёнчхандағы дүбірлі додалар бүгін мәресіне жетті.

Жер-жаһанның түкпір-түкпірінен келген 3 мыңға жуық үздік спортшы екі апта бойы өзара бақ сынасып, нағыз мықтылар анықталды. Өкінішке қарай, ел намысын қорғап барған 46 атлетіміз осыдан төрт жыл бұрын өткен Сочи Олимпиадасындағы медальдық есепті жақсарта алмады. Спорттың 9 түрінен жарыс жолына шыққан отандық құрама тек могул сайысынан жүлде олжалады. Аталған сынның фристайл бәсекесінде Шығыс Қазақстан облысының тумасы Юлия Галышева қоржынға жалғыз қола салды. Осылайша Қазақстан жалпыкомандалық есепте үздік отыздыққа еніп, 95 мемлекет арасында тек 28-ші орыннан көрінді. Медальдар жиынтығының саны бойынша алғашқы үштікте – Норвегия, Германия және Канада.

Айта кетейік, кезекті XXIV Қысқы Олимпиада ойындары 4 жылдан соң Қытай астанасы Бейжіңде өтеді.

Жексенбі, 25 Ақпан 2018 17:03

Төртжылдықтың басты додасы XXIII Қысқы Олимпиада ойындары ресми түрде аяқталды.

Салтанатты шараны өткізуге мыңдаған өнер адамы атсалысқан. Әрине, мұнда технологияның мүмкіндігі де кеңінен пайдаланылғандығы көрініп тұр.

Айта кетейік, әлемдік бәсекеде үш мыңға тарта спортшы бақ сынасты. Оның 49-ы Қазақстаннан. Жалпы Олимпиадада барлығы 15 спорт түрінен медальдар жиынтығы сарапқа салынды.

Естеріңізге сала кетейік, Пхёнчханда өткен Ақ Олимпиада сайыстарынан «Хабар» арнасының эфирінен жалпы көлемі 100 трансляция  шықты. Сондай-ақ «Хабар» Агенттігінің тәжірибелі тілшілері әзірлеген материалдар да күнделікті көрермен назарына ұсынылды.