A+ A A-

Биатлон

Тимур Хамитгатин

Тимур Хамитгатин

Тимур Хамитгатин 1993 жылы 27 сәуірде Ақмола облысында дүниеге келген. 2014 жылы америкалық Преск Айлде жастар мен жасөспірімдер арасында өткен биатлоннан әлем чемпионатында 27-ші орынды иеленген. Орсблдегі Қысқы Универсиадада 13-ші орыннан көрінді. 2017 жылы IBU Кубогының кезеңінде қазақстандықтар арасынан оқ бойы озық шығып, 20-шы орыннан көрінді. Ал Оберхофтағы әлем кубогы кезеңінде мәре сызығын 69-шы болып кесті. 

Роман Еремин

Роман Еремин

Роман Еремин 1997 жылы 14 қаңтарда Ақмола облысында дүниеге келген. Әлем кубогының қатысушысы, Қысқы Универсиаданың (2017) қола жүлдегері, жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері (2016), Қазақстан Республикасының спорт шебері. 

Владислав Витенко

Владислав Витенко

Владислав Витенко 1993 жылы 18 наурызда дүниеге келген. 2013 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жекелей жарыста 20-шы орынды иеленді. 2015 жылы Эстонияда өткен IBU Еуропаның ашық чемпионатында қазақстандықтар арасында үздік шығып, 24-ші орыннан көрінді. 

Дарья Климина

Дарья Климина

Дарья Климина 1989 жылы 6 қыркүйекте Павлодар қаласында дүниеге келген. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Дарья Климина ең алғаш рет 2009 жылы Оберхофта өткен әлем чемпионатында бағын сынап, кейін Саппорода өткен Азия ойындарында «алтын» және екі «қола» медаль тағынды.  Бірнеше чемпионат пен әлем кубогы кезеңдерінің қатысушысы. 

Ольга Полторанина

Ольга Полторанина

Ольга Полторанина 1987 жылы 27 ақпанда ШҚО-да дүниеге келген. ҚР-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2002 жылы биатлоннан әлем чемпионатында «қола» медаль алды. 2003 жылы Қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетіп, «қола» еншіледі. 2005 жылы Еуропа чемпионатында жекелей жарыста да «қола» медаль алды. 2004/05 және 2007/08 маусымдарында Еуропа кубогы кезеңдерінің жалпы есебі бойынша «күміспен» күптелді. 2007 жылы Қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының сапында «күміс»  иеленді. 

Елизавета Бельченко

Елизавета Бельченко

Елизавета Бельченко 1996 жылы 19 ақпанда Риддер қаласында дүниеге келді. Биатлоннан Қазақстан кубогының екі дүркін жеңімпазы. Жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының жалпы есепте күміс жүлдегері. 2015 жылы жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатында 16-шы орын алды. 2016 жылы Словенияда өткен Еуропа чемпионатында спринтте 8-ші орынға ие болды. 2017 жылы Алматыда өткен Қысқы Универсиада ойындарында үздік бестікке еніп, сол жылы Ресейде өткен жасөспірімдер чемпионатында 14-ші орынға ие болды. 

Алина Райкова

Алина Райкова

Алина Райкова 1991 жылы 14 тамызда Щучинск қаласында дүниеге келді. 2014 жылы Сочиде өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы, 2015 жылғы Қысқы Универсиада мен 2017 жылғы Қысқы Универсиаданың чемпионы, Қазақстан Республикасының спорт шебері. 2012 жылы Контиолахтиде өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жекелей жарыста 6-шы орын алды. 2016 жылы Ослода өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетіп, 8-ші орын алды. 2017 жылы Хохфильценде өткен әлем чемпионатында 29-шы орыннан көрінді. 

Подкорытов Василий

Подкорытов Василий

Василий Подкорытов 1994 жылы 11 қаңтарда Риддер қаласында туған. 2012 жылы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында үздік атанып, әлемдік біріншілікке сытылып шықты. Ол жерде де 4-ші орыннан көрініп, біраз қарсыласын басып озды. 2013 жылы Василий Подкорытов Қазақстанның негізгі құрамасына енді. Ал 2014 жылы Азия чемпионатында қола медальды иеленді.