A+ A A-

Коньки тебу спорты

Роман Креч

Роман Креч

Роман Креч 1959 жылы 14 шілдеде Семей қаласында туған. 2010 және 2014 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы. 2008 және 2009 жылдары жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаттарының қатысушысы. 2009 жылы 1000 метрде 3-ші, 1500 метрде 2-ші орын алды. 2010 жылы Олимпиада ойындарында екі қашықтықта өнер көрсетіп, 500 метрде 34-ші, 1000 метрде 28-ші орыннан көрінді. 2014 жылы Сочиде өткен ойындарда 500 метрлікте 7-ші, 1000 метрлікте 13-ші орын алды.

Денис Кузин

Денис Кузин

Денис Кузин 1988 жылы 4 желтоқсанда Қостанай қаласында дүниеге келген. 2010 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, 1500 метрлікте 2011 жылғы Азия ойындарының чемпионы. 1000 метр қашықтықта 2013 жылғы әлем чемпионы. Қазақстан Республикасының спорт шебері. 2007 жылдан бері ҚР құрамасының сапында өнер көрсетіп келеді. 2009 жылы әлемдік Универсиадада бой көрсетіп, 4-ші және 6-шы орын алды. 2010 жылғы Ванкуверде өткен Олимпиада ойындарында 1000 және 1500 метр қашықтықта сынға түсіп, 23-ші орын алды. 2014 жылы Сочидегі Олимпиада ойындарында екі қашықтықта жарыс алаңына шығып, 1000 метрлікте 7-ші орын, 1500 метрлікте 9-шы орынға ие болды. Сондай-ақ ол 2013 жылғы 1000 метрлік қашықтықта әлем чемпионы. 

Федор Мезенцев

Федор Мезенцев

Федор Мезенцев 1989 жылы 19 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген. 1500 метр қашықтықта 2012 жылы өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы кезеңдерінің бірнеше дүркін жүлдегері. 2011 жылғы Азия чемпионаттары мен Азия ойындарының қатысушысы, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2014 жылы Сочидегі Олимпиада ойындарында екі қашықтықта өнер көрсетіп, 33 және 35-ші орындардан көрінді. 2017 жылы Азия ойындарында қола жүлдені иеленді. 

Артем Крикунов

Артем Крикунов

Артем Крикунов 1996 жылы 7 қыркүйекте қарағанды қаласында туған. Конькимен жүгіру спорты бойынша ҚР халықаралық деңгейдегі спорт шебері. ҚР бірнеше дүркін жеңімпазы. Польшада өткен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының жеңімпазы, Варшавада өткен жылдамдықпен жүгіруден әлем чемпионатының, Саппородағы Қысқы Азия ойындарының, Берлиндегі әлем кубогы кезеңдерінің қатысушысы. 

Станислав Палкин

Станислав Палкин

Станислав Палкин 1996 жылы 4 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Конькимен жүгіруден халықаралық деңгейдегі спорт шебері. ҚР бірнеше дүркін жеңімпазы, Минскіде өткен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының жеңімпазы әрі жүлдегері, Польша мен Қытайда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері. Саппорода өткен Қысқы Азия ойындарының қатысушысы. 

Артем Крикунов

Артем Крикунов

Артем Крикунов 1996 жылы 7 қыркүйекте Қарағанды қаласында туған. Конькимен жүгіру спортынан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері. ҚР бірнеше дүркін жеңімпазы. Польшада өткен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының жеңімпазы. Берлинде мен Наганода өткен әлем кубогы кезеңдерінің, Қытайдағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының, Варшавада өткен жылдамдықпен жүгіруден әлем чемпионатының қатысушысы. 

Екатерина Айдова

Екатерина Айдова

Екатерина Айдова 1991 жылы 30 шілдеде Қарағанды қаласында дүниеге келген. Конькимен жүгіру спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының жеңімпазы, Ванкувер мен Сочидегі Қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы, Азия чемпионы, Алматыда өткен XXVIII Қысқы Универсиадананың екі дүркін қола жүлдегері.