A+ A A-

Шаңғы жарысы

Алексей Полторанин

Алексей Полторанин

Алексей Полторанин 1987 жылы 29 сәуірде ШҚО-да дүниеге келген. Қазақстанның еңбегі сіңген спорт шебері. 2013 жылы Италияда әлем чемпионатында командалық спринтте қол медаль алды. Сондай-ақ классикалық әдіспен 50 шақырымдық жарыста Полторанин тағы бір қола медаль тағынды. 2007 жылғы Чанчунь қаласындағы Қысқы Азия ойындарында жүлделі екінші орынды қанжығасына байлады. 2011 жылы Алматыда өткен Қысқы Азия ойындарында асығы алшысынан түсіп, 4 бірдей алтын медаль мен бір қола медаль еншіледі. Осылайша Алексей Полторанинның спорттағы «салмағы» арта түсті. Италияда өткен классикалық кезеңде спортшы жеңіс тұғырынан көрініп, Давос, Лахти мен  Драмменеде де спорттық шеберлігін дәлелдей білді. Алексей Полторанин  сондай-ақ көптеген әлем кубогы кезеңдерінің қатысушысы. 

Анна Шевченко

Анна Шевченко

Анна Шевченко 1993 жылы 4 тамызда Павлодар қаласында дүниеге келген. Үш мәрте жасөспірімдер мен екі мәрте жастар арасындағы әлем чемпионатының қатысушысы. FIS кезеңдерінде екі рет «алтыннан» алқа тағынды. Оның бірі Кантиолахти болса, екіншісі Алматы қаласында, сондай-ақ екі «күміс» және «қола» медаль алды. 2013 Беларусияда өткен чемпионатта спринт сайысында да биіктен көрініп, «қола» медальмен марапатталды. 2014 жылы Қазақстан чемпионатында «алтын» мен «күміс» медаль алса, 2017 жылы Алматыда өткен Универсиадада Анна бір

Елена Коломина

Елена Коломина

Елена Коломина 1981 жылы 24 қаңтарда ШҚО-да дүниеге келген. Спорттық мансабында екі мәрте Олимпиадаға қатысқан. Азия ойындарының төрт дүркін жеңімпазы, Универсиада жүлдегері, спринтерліктен бөлек, қашықтықтан жарыста да жоғарғы көрсеткіштерге жетіп жүр. ҚР-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2003 жылы қараша айында алғаш рет әлем кубогының кезеңдерінде эстафетадағы үздік ондыққа енді. Бүгінге дейін 15 мәрте әлем кубогы кезеңдерінің үздік ондығына енген. Оның 13-і командалық, 4-і жекелей сында. Спорттық мансабында 5 мәрте әлем чемпионатына қатысқан. 2003 жылы әлем чемпионатында үздік 

Виталий Пухкало

Виталий Пухкало

Виталий Пухкало 1992 жылы 9 қыркүйекте Қостанай облысында дүниеге келген. Шаңғы жарысынан ҚР спорт шебері. Сондай-ақ ҚР Ұлттық құрамасының сапында. Республикалық сайыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, 2016 жылғы БЖСМ, МБЖСМОҚ, ЖСШМ қатысушылары арасындағы  шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының чемпионы. ҚР құрама командасының сапындағы андерлер арасындағы шаңғы жарысынан әлем чемпионатының қатысушысы. 2017 жылы ҚР құрама командасының ересектер арасындағы шаңғы жарысынан әлем чемпионатының қатысушысы, Эстафеталық жарыста әлемдік Қысқы Универсиада ойындарының күміс жүлдегері. 

 
Валерия Тюленева

Валерия Тюленева

Валерия Тюленева 1997 жылы 27 қыркүйек күні Щучинск қаласында дүниеге келген. Шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының спорт шебері. ҚР қыздар чемпионатының жүлдегері. 2015 жылғы шаңғы жарысынан U23 андерлер мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қатысушысы. 

Денис Волотка

Денис Волотка

Денис Волотка 1985 жылы 10 қазанда Бурабайда дүниеге келген. Әлем кубогы кезеңдерінің жеңімпазы, 2011 жылғы Универсиаданың қола жүлдегері. 2011 жылы әлем чемпионатында командалық спринтте 6-шы орын алған. 2012 жылы желтоқсан айында Әлем кубогы кезеңінде командалық спринтте спорттық мансабындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.