A+ A A-

Шорт-трек

Анастасия Крестова

Анастасия Крестова

Анастасия Крестова 1996 жылы 31 қаңтарда Қостанай облысында дүниеге келді. Алматыда өткен Қысқы Универсиада ойындарында қола медаль алып, ел мерейін үстем етті. 18 қарашада Сеулде Әлем кубогының IV кезеңінде шорт-трекші қола медаль жеңіп алды. Нәтижесінде Қысқы Олимпиада ойындарына  лицензия иеленді. 

Нұрберген Жұмағазиев

Нұрберген Жұмағазиев

Нұрберген Жұмағазиев 1990 жылы 20 қарашада Орал қаласында туған. Каннында өткен Әлем кубогы кезеңдерінің алтын медаль иегері. 2017 жылы Алматыда өткен Қысқы Универсиада ойындарында қола жүлдегер, Минскіде өткен әлем кубогы кезеңінде 1000 метр қашықтықта қола жүлдегер. 

Денис Никиша

Денис Никиша

Денис Никиша 1995 жылы 7 тамызда Қостанайда туған. Халықаралық деңгейдегі спорт шебері. 2014 жылы Эрзурум, 2015 жылы Осако қалаларында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2016 жылы Каннында өткен әлем кубогы кезеңдерінде 500 метр қашықтықта күміс жүлдегер. 2017 жылы Алматыда өткен Универсиада ойындарында қола медаль иегері. Сонымен қатар 2014 жылы Сочиде өткен Қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы.

Еркебұлан Шамуханов

Еркебұлан Шамуханов

Еркебұлан Шамуханов 1999 жылы 23 тамызда Қостанай қаласында туған. 2016 жылы Қазақстан кубогында 1000 метрге жүгіруден жеңіске жетті. Лиллехаммердегі жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында 1000 метр қашықтықта үздік ондыққа енді. Саппородағы Қысқы Азия ойындарында 1500 метр қашықтықта 5-ші орын алған.