A+ A A-

Фристайл

Аяна Жолдас

Аяна Жолдас

Аяна Жолдас 2001 жылы 9 маусымда Шымкент қаласында туған. 2017 жылы Италияда өткен жасөспірімдер чемпионатының 6-шы орын иегері. Пхенчхандағы Олимпиада ойындарындағы Қазақстан құрамасының ең жас қатысушысы. 

Юлия Галышева

Юлия Галышева

Юлия Галышева 1992 жылы 23 қазанда Өскеменде туған. Фристайлшы-могулшы. Әлем чемпионаттарының жүлдегері. 2015, 2017 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының, 2011 және 2017 жылғы Қысқы Азия ойындарының чемпионы, әлем кубогы кезеңдерінің бірнеше дүркін жеңімпазы. 2018 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. 

 

Павел Колмаков

Павел Колмаков

Павел Колмаков 1996 жылы 14 тамызда Өскемен қаласында туған. 2013 жылы жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында қола медальге қол жеткізген. 2014 жылы Сочиде өткен Олимпиадада могулден 11-ші орын алып, 2015 жылы спортшы Универсиада ойындарында алтын алды.  Сондай-ақ 2017 жылы Алматыда өткен Қысқы Универсиада ойындарында могулден қола жүлде иеленді. 2017 жылы могулден бірінші әлем кубогында қола жүлдені қанжығалады. 

Аяулым Әмренова

Аяулым Әмренова

Аяулым Әмренова 2001 жылы 30 қарашада Өскемен қаласында туған. 2017 жылы Еуропа кубогы кезеңдерінде екі жүлделі орын алып, ел мерейін асқақтатты. Сондай-ақ спортшы қыз Пхенчхандағы Қысқы Олимпиадада бағын сынауда. 

Жанбота Алдабергенова

Жанбота Алдабергенова

Жанбота Алдабергенова 1995 жылы 23 қыркүйекте Шымкент қаласында дүниеге келген. 2011 жылы ҚР кубогында спортшы қыз 1-ші орын алды. 2012 жылы Беларусияда өткен Еуропа кубогы кезеңдерінде қола жүлдені місе тұтты. 2015 жылы Италияда өткен әлем чемпионатының жүлдегері, Еуропа кубогы кезеңдерінің бірнеше дүркін жеңімпазы. 2015-2016 жылғы Еуропа кубогының абсолютті жеңімпазы. Әлем кубогының күміс жүлдегері, 2014 жылы Сочиде өткен Олимпиада ойындарында 6-шы орыннан көрінді. 

Акмаржан Қалмұрзаева

Акмаржан Қалмұрзаева

Ақмаржан Қалмұрзаева 1995 жылы 25 желтоқсанда ОҚО-да дүниеге келген. 2011 жылы Азия ойындарында өнер көрсетті. 2017 жылы сәуір айында Еуропа кубогында 3-ші орын алды. 2018 жылы АҚШ-та өткен әлем кубогы кезеңдерінде 18-ші орыннан көрінді. Сондай-ақ Пхенчхандағы XXIII Қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы. 

Маржан Ақжігіт

Маржан Ақжігіт

Ақжігіт Маржан 2000 жылы 29 шілдеде ОҚО-да дүниеге келген. 2015 жылы Финляндияда өткен әлем кубогының қатысушысы. АҚШ-та өткен фристайлдан кезекті әлем кубогының кезеңінде 21-ші орын алды. Сондай-ақ Пхенчхандағы XXIII Қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы.